«Мемлекеттік стипендияларды тағайындау, төлеу қағидаларын және олардың мөлшерлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 7 ақпандағы № 116 қаулысына толықтыру енгізу туралы» Қаулы жобасына баспасөз хабарламасы
| 1 | НҚА жобасының атауы (НҚА түрін көрсете отырып) | «Мемлекеттік стипендияларды тағайындау, төлеу қағидаларын және олардың мөлшерлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 7 ақпандағы № 116 қаулысына толықтыру енгізу туралы |
| 2 | Әзірлеуші мемлекеттік орган | Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі |
| 3 | НҚА жобасын әзірлеу үшін негіздер (тиісті НҚА немесе тапсырмаға сілтеме жасай отырып (бар болса)) | «Назарбаев Университеті» дербес білім беру ұйымы мен оның ведомстволық бағынысты ұйымдары қызметінің тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындылары туралы» Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының 2024 жылғы 5 қыркүйектегі №18-1-1-Н нұсқамасының 1.2 -тармағын орындау мақсатында |
| 4 | НҚА жобасының қысқаша мазмұны, негізгі ережелердің сипаттамасы | Түзетулермен мемлекеттік стипендия төлеуге көзделген қаражатты пайдалану және қайтару тәртібін реттейтін нормаларды толықтыру ұсынылады. |
| 5 | Күтілетін нәтижелердің нақты мақсаттары мен мерзімдері | Жобаны қабылдаудың мақсаты – мемлекеттік стипендия төлеуге бөлінген бюджеттік қаражатты тиімді әрі ұтымды пайдалану, сондай-ақ, мемлекеттік стипендия төлеу процесіне қатысушылардың жауапкершілігін айқындау болып табылады. |
| 6 | НҚА жобасы қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге де салдар | Талап етілмейді |
Құру күні: 09.01.2026
Қоғамдық талқылаудың мерзімі: 26.01.2026