«Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 7 қарашадағы № 517 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» бұйрық жобасына баспасөз хабарламасы

1 НҚА жобасының атауы (НҚА түрін көрсете отырып) «Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 7 қарашадағы № 517 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
2 Әзірлеуші мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі
3 НҚА жобасын әзірлеу үшін негіздер (тиісті НҚА немесе тапсырмаға сілтеме жасай отырып (бар болса)) Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының 2025 жылғы 30 шілдедегі №16-2-H ұйғарымдары
4 НҚА жобасының қысқаша мазмұны, негізгі ережелердің сипаттамасы Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама жүргізу үшін өтінімдерді тікелей «ҰМҒТСО» АҚ ААЖ арқылы беру нормасын енгізу; түзетілген өтінішті оны қайта жұмысқа жіберген күнден кейінгі жұмыс күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде ұсыну туралы норманы енгізу; түзетілген өтініштерді қайта сараптау кезінде жаңа ескертулерді анықтауды алып тастау, сондай-ақ мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманың нәтижелерін ұлттық ғылыми кеңеске жіберу мерзімін белгілеу.
5 Күтілетін нәтижелердің нақты мақсаттары мен мерзімдері Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының 2025 жылғы 30 шілдедегі №16-2-H ұйғарымдары орындау
6 НҚА жобасы қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге де салдар Жобаны қабылдау әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) басқа да салдарларға әкелмейді

 

Құру күні: 09.01.2026

Қоғамдық талқылаудың мерзімі: 26.01.2026

https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15737218