10 МАУСЫМДА COURSERA БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМЫНЫҢ БАС АТҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ ДЖЕФФ МАДЖОНКАЛЬДАМЕН КЕЗДЕСУ ӨТЕДІ

0 маусым күні сағат 15:00-де Astana IT University ғимаратында халықаралық Coursera білім беру ұйымының Бас атқарушы директоры Джефф Маджонкальданың аймақтық жоғары оқу орындары ректорлары, проректорлары және студенттерімен кездесуі өтеді.
🔹Жиынға ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, «Қазақстан халқына» Қоғамдық қорының төрағасы Болат Жәмішев, BMG UpSkill компаниясының директоры Рауан Кенжеханұлы және Coursera компаниясының өкілдері қатысады.
📌Кездесуде:
✔️«Coursera – қазақ тілінде» жобасының жүзеге асырылу барысы мен нәтижелері таныстырылады;
✔️Coursera командасының «Coursera курстарын оқу процесінде қолданатын халықаралық үздік университеттердің тәжірибесі» деп аталатын уоркшоп өткізеді;
✔️Coursera-ның онлайн курстарынан сәтті өткен студенттерге сертификат тапсырылады.
🖊Сондай-ақ, Coursera басшысы Джефф Маджонкальда «Оқыту мен еңбек нарығының болашағы» тақырыбында баяндама жасайды. Ол адам дағдыларының маңызының артуы мен кез келген жерде (онлайн) жұмыс істей алуға икемділік, алдағы уақытта еңбек нарығынан шығып қалуы мүмкін жұмыс орындары, Coursera платформасының жасанды интеллектке негізделген инновациялық жаңалықтары туралы айтады.