«Ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларын орындау және аяқтау сатыларында олардың іске асырылуына мониторингті жүзеге асыру туралы ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 2024 жылғы 27 желтоқсандағы № 600 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» бұйрық жобасына баспасөз хабарламасы

1 НҚА жобасының атауы (НҚА түрін көрсете отырып) «Ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларын орындау және аяқтау сатыларында олардың іске асырылуына мониторингті жүзеге асыру туралы ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 2024 жылғы 27 желтоқсандағы № 600 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
2 Әзірлеуші мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі
3 НҚА жобасын әзірлеу үшін негіздер (тиісті НҚА немесе тапсырмаға сілтеме жасай отырып (бар болса)) Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының 2025 жылғы 30 шілдедегі №16-2-H ұйғарымдары
4 НҚА жобасының қысқаша мазмұны, негізгі ережелердің сипаттамасы Нақтыланған бұзушылықтарды жою мерзімдерін белгілейтін норманы енгізу, мониторинг жүргізу үшін шетелдік сарапшыларды тарту туралы норманы жою, мониторингтік топтың менеджерінің функционалдық міндеттерін кеңейту, сондай-ақ коммерциализациялау жобаларын мониторингке кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесі бар мамандарды міндетті түрде тарту қажеттілігін белгілеу
5 Күтілетін нәтижелердің нақты мақсаттары мен мерзімдері Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының 2025 жылғы 30 шілдедегі №16-2-H ұйғарымдары орындау
6 НҚА жобасы қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге де салдар Жобаны қабылдау әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) басқа да салдарларға әкелмейді

 

Құру күні: 30.12.2025

Қоғамдық талқылаудың мерзімі: 14.01.2026

https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15727513