«Ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын әскери, арнаулы оқу орындарына қатысты мемлекеттік аттестаттауды өткізу қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің бұйрық жобасына баспасөз хабарламасы

1 НҚА жобасының атауы (НҚА түрін көрсете отырып)     «Ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын әскери, арнаулы оқу орындарына қатысты мемлекеттік аттестаттауды өткізу қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің бұйрық жобасы  
2 Әзірлеуші мемлекеттік орган        Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі
3 НҚА жобасын әзірлеу үшін негіздер (тиісті НҚА немесе тапсырмаға сілтеме жасай отырып (бар болса))    «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 55-1-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына,  «Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 каулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 85-1) тармақшасы
4 НҚА жобасының қысқаша мазмұны, негізгі ережелердің сипаттамасы        Қағидалар әскери, арнаулы оқу орындары ұсынатын білім беру қызметтерінің тиісті білім беру деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талаптарына сәйкестігін бақылау мақсатында жүзеге асырылатын мемлекеттік аттестаттауды өткізу тәртібін белгілейді
5 Күтілетін нәтижелердің нақты мақсаттары мен мерзімдері       Ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын әскери, арнаулы оқу орындарына қатысты мемлекеттік аттестаттауды өткізу қағидаларды әзірлеу
6 НҚА жобасы қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге де салдар      Жобаны қабылдау әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге теріс салдарға әкелмейді, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге әсер етпейді

 

Құру күні: 25.12.2025

Қоғамдық талқылаудың мерзімі: 09.01.2026

https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15721750