«Бакалавр» немесе «магистр» дәрежелері берілетін жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға ақы төлеу үшін білім беру грантын беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 25 тамыздағы № 443 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» бұйрық жобасына баспасөз хабарламасы
| 1 | НҚА жобасының атауы (НҚА түрін көрсете отырып) | «Бакалавр» немесе «магистр» дәрежелері берілетін жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға ақы төлеу үшін білім беру грантын беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 25 тамыздағы № 443 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы |
| 2 | Әзірлеуші мемлекеттік орган | Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі |
| 3 | НҚА жобасын әзірлеу үшін негіздер (тиісті НҚА немесе тапсырмаға сілтеме жасай отырып (бар болса)) | «Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 2-3) тармақшасы |
| 4 | НҚА жобасының қысқаша мазмұны, негізгі ережелердің сипаттамасы | «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мәдениет және білім мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес келтіру. Түзетулермен әскери, арнаулы оқу орындары мен сот төрелігі академиясын қоспағанда, әдістеме мен қағидалар негізінде ЖОО-ларды саралауды жүргізу, сондай-ақ ЖОО-ларды саралау нәтижелерін ескере отырып, білім алушыларды қаржыландыру және қабылдау тетігін қайта қарау, саралау нәтижелері бойынша жетекші орын алатын ЖОО-ларға қосымша академиялық дербестік беру ұсынылады. |
| 5 | Күтілетін нәтижелердің нақты мақсаттары мен мерзімдері | Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 25 тамыздағы № 443 бұйрығы. 2025-2026 жылдардағы желтоқсан-қаңтар. |
| 6 | НҚА жобасы қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге де салдар | Талап етілмейді |
Құру күні: 18.12.2025
Қоғамдық талқылаудың мерзімі: 02.01.2026