«Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын саралау қағидаларын бекіту туралы» бұйрық жобасына баспасөз хабарламасы

1 НҚА жобасының атауы (НҚА түрін көрсете отырып) «Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын саралау қағидаларын бекіту туралы» бұйрық жобасы
2 Әзірлеуші мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі 
3 НҚА жобасын әзірлеу үшін негіздер (тиісті НҚА немесе тапсырмаға сілтеме жасай отырып (бар болса)) «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мәдениет, білім беру, отбасы және мемлекеттік бақылау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы 2025 жылғы ________ ___  № ____ өкімнің шеңберінде
4 НҚА жобасының қысқаша мазмұны, негізгі ережелердің сипаттамасы Бұйрық жобасы жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын саралау процедурасын белгілеуге және енгізуге, сондай-ақ сапаны бағалау тетіктерін жетілдіруге және халықаралық стандарттарға сәйкестігіне бағытталған
5 Күтілетін нәтижелердің нақты мақсаттары мен мерзімдері Жобаның мақсаттары – жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының қызметін бағалаудың ашық және объективті болуын қамтамасыз ету, білім беру бағдарламалары мен ғылыми зерттеулердің сапасын арттыруға ынталандыру, бәсекелестік академиялық ортаны дамыту, қаржыландыру, мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру және академиялық дербестік беру жөнінде шешім қабылдау үшін ақпараттық базаны қалыптастыру болып табылады.
6 НҚА жобасы қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге де салдар Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарларға әкеп соқтырмайды

 

Құру күні: 15.12.2025

Қоғамдық талқылаудың мерзімі: 31.12.2025

https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15721040