«Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының қызметі жетістіктерінің рейтингтік көрсеткіштерін бағалау әдістемесін бекіту туралы» бұйрық жобасына баспасөз хабарламасы
| 1 | НҚА жобасының атауы (НҚА түрін көрсете отырып) | «Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының қызметі жетістіктерінің рейтингтік көрсеткіштерін бағалау әдістемесін бекіту туралы» бұйрық жобасы |
| 2 | Әзірлеуші мемлекеттік орган | Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі |
| 3 | НҚА жобасын әзірлеу үшін негіздер (тиісті НҚА немесе тапсырмаға сілтеме жасай отырып (бар болса)) | «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мәдениет, білім беру, отбасы және мемлекеттік бақылау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы 2025 жылғы ________ ___ № ____ өкімнің шеңберінде |
| 4 | НҚА жобасының қысқаша мазмұны, негізгі ережелердің сипаттамасы | Бұйрық жобасы жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары қызметі жетістіктерінің рейтингтік көрсеткіштерін бағалау әдістемесін бекітуге бағытталған |
| 5 | Күтілетін нәтижелердің нақты мақсаттары мен мерзімдері | Жобаның мақсаты – жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының қызметін бағалаудың ашық, объективті және салыстырмалы түрде жүзеге асырылуын қамтамасыз ету болып табылады. |
| 6 | НҚА жобасы қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге де салдар | Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарларға әкеп соқтырмайды |
Құру күні: 15.12.2025
Қоғамдық талқылаудың мерзімі: 31.12.2025