«Технологиялық болжауды жүзеге асырудың, салалық технологиялық құзырет орталықтарының жұмыс істеуінің, технологиялық платформаларды ұйымдастырудың және нысаналы технологиялық бағдарламаларды әзірлеудің әдістемесі мен өлшемшарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2022 жылғы 21 сәуірдегі № 133/НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» бұйрық жобасына баспасөз хабарламасы
| 1 | НҚА жобасының атауы (НҚА түрін көрсете отырып) | «Технологиялық болжауды жүзеге асырудың, салалық технологиялық құзырет орталықтарының жұмыс істеуінің, технологиялық платформаларды ұйымдастырудың және нысаналы технологиялық бағдарламаларды әзірлеудің әдістемесі мен өлшемшарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2022 жылғы 21 сәуірдегі № 133/НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы |
| 2 | Әзірлеуші мемлекеттік орган | Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі |
| 3 | НҚА жобасын әзірлеу үшін негіздер (тиісті НҚА немесе тапсырмаға сілтеме жасай отырып (бар болса)) | Бұйрық жобасын «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне инновациялық қызмет саласын мемлекеттік қолдау жүйесін жетілдіру және мемлекеттік статистика мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 27 қыркүйектегі Заңына енгізілген өзгерістерге сәйкес Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 98, 100-1, 103, 241-4-батарына сәйкестендіру |
| 4 | НҚА жобасының қысқаша мазмұны, негізгі ережелердің сипаттамасы |
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне инновациялық қызмет саласын мемлекеттік қолдау жүйесін жетілдіру және мемлекеттік статистика мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 27 қыркүйектегі Заңына енгізілген өзгерістерге сәйкес Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 98, 100-1, 103, 241-4-батарына сәйкес ҚР Премьер-Министрі басқаратын консультативтік-кеңесші орган болып табылатын Технологиялық саясат жөніндегі кеңес жойылды. ҚР Үкіметі жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссиясы мемлекеттік технологиялық саясатты қалыптастыру және іске асырады |
| 5 | Күтілетін нәтижелердің нақты мақсаттары мен мерзімдері |
Бұйрық жобасы Қағидаларды Мемлекеттік басқарудың жаңа жүйесіне сәйкес келтіру 2022 жылғы бұрынғы бұйрыққа сәйкес келу үшін өзгертулер енгізу: * ҚР Кәсіпкерлік кодексінің жаңа нормаларына; * мемлекеттік органдар арасында функцияларды қайта бөлгеннен кейін ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің (ҒЖБМ) жаңа өкілеттіктеріне |
| 6 | НҚА жобасы қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге де салдар | Жобаны қабылдау әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге теріс салдарға әкелмейді, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге әсер етпейді |
Құру күні: 03.12.2025
Қоғамдық талқылаудың мерзімі: 19.12.2025