«Апелляциялық комиссия туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 18 тамыздағы № 423 бұйрығына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің бұйрығының жобасына баспасөз хабарламасы
| 1 | НҚА жобасының атауы (НҚА түрін көрсете отырып) | «Апелляциялық комиссия туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 18 тамыздағы № 423 бұйрығына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің бұйрығының жобасы |
| 2 | Әзірлеуші мемлекеттік орган | Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі |
| 3 | НҚА жобасын әзірлеу үшін негіздер (тиісті НҚА немесе тапсырмаға сілтеме жасай отырып (бар болса)) | Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының 2025 жылғы 30 шілдедегі №16-2-H ұйғарымдары |
| 4 | НҚА жобасының қысқаша мазмұны, негізгі ережелердің сипаттамасы | Апелляциялық комиссия отырыстарының барысын міндетті онлайн-трансляциялау және бейнежазбаға, бейнежазбалар мен хаттамаларды сақтауға қойылатын талаптарды белгілеу |
| 5 | Күтілетін нәтижелердің нақты мақсаттары мен мерзімдері | Ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында |
| 6 | НҚА жобасы қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге де салдар | Жобаны қабылдау әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) басқа да салдарларға әкелмейді |
Құру күні: 28.11.2025
Қоғамдық талқылаудың мерзімі: 15.12.2025
Қызмет бағыты