«Маманды жұмысқа жіберу, бюджет қаражаты есебінен жұмсалған шығыстарды өтеу, өз бетімен жұмысқа орналасу құқығын беру, мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алған Қазақстан Республикасының азаматтарын жұмыспен өтеу жөніндегі міндетінен босату немесе олардың міндетін тоқтату қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 11 тамыздағы № 403 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» бұйрығының жобасына баспасөз хабарламасы
| 1 | НҚА жобасының атауы (НҚА түрін көрсете отырып) | «Маманды жұмысқа жіберу, бюджет қаражаты есебінен жұмсалған шығыстарды өтеу, өз бетімен жұмысқа орналасу құқығын беру, мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алған Қазақстан Республикасының азаматтарын жұмыспен өтеу жөніндегі міндетінен босату немесе олардың міндетін тоқтату қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 11 тамыздағы № 403 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы |
| 2 | Әзірлеуші мемлекеттік орган | Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі |
| 3 | НҚА жобасын әзірлеу үшін негіздер (тиісті НҚА немесе тапсырмаға сілтеме жасай отырып (бар болса)) |
Жоба Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 47-бабына 17-тармағына сәйкестендіру мақсатында әзірленді. |
| 4 | НҚА жобасының қысқаша мазмұны, негізгі ережелердің сипаттамасы |
Жоба бұйрыққа келесі өзгерістерді енгізуді көздейді. 19-тармақ әскери қызметтің аяқталуына дейін жас мамандарға бастапқы кезеңде жұмыспен өтеу міндетінен шегеру беріледі. Әскери қызметтің аяқталуынан кейін – шақырту бойынша қызмет мерзімі немесе шарттық қызмет мерзімі өткеннен кейін – тиісті комиссиялар аталған адамдарды жұмыспен өтеу міндетінен босату туралы шешім қабылдауға құқылы. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының «Мәдениет, білім, отбасы және мемлекеттік бақылау мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасы 47-баптың 17-2-тармағын шетелдік білім беру ұйымдарына резидентура (ординатура), магистратура, аспирантура және докторантура бағдарламалары бойынша қабылданған адамдарға жұмыспен өтеуді кейінге шегеру нормасымен толықтыруды көздейді. Осыған байланысты, көрсетілген деңгейдегі білімді шетелде аяқтаған Қазақстан Республикасының азаматтары кемінде үш жыл жұмыспен өтеуге міндетті. |
| 5 | Күтілетін нәтижелердің нақты мақсаттары мен мерзімдері | Бұйрық жобасының мақсаты – әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген азаматтарға жұмыспен өтеу міндетінен босату құқығын беру тәртібін, сондай-ақ шетелдік білім беру ұйымдарына резидентура (ординатура), магистратура, аспирантура және докторантура бағдарламалары бойынша қабылданған адамдарға жұмыспен өтеуді кейінге қалдыру тәртібін белгілеу болып табылады. |
| 6 | НҚА жобасы қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге де салдар | Талап етілмейді |
Құру күні: 27.11.2025
Қоғамдық талқылаудың мерзімі: 12.12.2025