«Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау немесе азаматтығын қалпына келтіру кезінде мемлекеттік тілді қарапайым деңгейде, Қазақстан Республикасы Конституциясының негіздерін, сондай-ақ Қазақстан тарихын білу көлемін бекіту туралы» 2024 жылғы 8 қазандағы №479 Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің бұйрық жобасына баспасөз хабарламасы
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі «Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау немесе азаматтығын қалпына келтіру кезінде мемлекеттік тілді қарапайым деңгейде, Қазақстан Республикасы Конституциясының негіздерін, сондай-ақ Қазақстан тарихын білу көлемін бекіту туралы» 2024 жылғы 8 қазандағы №479 Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің бұйрық жобасын (бұдан әрі – Жоба) әзірледі.
Жоба «Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы Ереженің 15-тармағының 152-3) тармақшасына сәйкес әзірленді.
Жоба ашық нормативтік құқықтық актілер интернет-порталында орналастырылған: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15554149.
Барлық мүдделі азаматтар жобаны талқылауға қатыса алады.