«Үздік ғылыми қызметкер» жыл сайынғы сыйлығын беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің міндетін атқарушының 2024 жылғы 27 желтоқсандағы № 599 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулыр енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің бұйрық жобасына баспасөз хабарламасы
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі «Үздік ғылыми қызметкер» жыл сайынғы сыйлығын беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің міндетін атқарушының 2024 жылғы 27 желтоқсандағы № 599 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулыр енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің бұйрық жобасын (бұдан әрі – жоба) әзірледі.
Жоба «Ғылым және технологиялық саясат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 25) тармақшасын жүзеге асыру мақсатында және «Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 125) тармақшасына сәйкес жасалды.
Жоба ашық нормативтік-құқықтық актілер интернет-порталында орналастырылған: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15549554.
Барлық мүдделі азаматтар жобаны талқылауға қатыса алады.