«Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымы (ЮНЕСКО) арасындағы Қазақстанда ЮНЕСКО аясындағы 2-санатты орталық ретінде Орталық Азия өңірлік гляциология орталығының мәртебесін қайта жалғастыру туралы келісімін ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасына баспасөз хабарламасы
Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымы (ЮНЕСКО) арасындағы Қазақстанда ЮНЕСКО аясындағы 2-санатты орталық ретінде Орталық Азия өңірлік гляциология орталығының мәртебесін қайта жалғастыру туралы келісімін ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасын (бұдан әрі – Жоба) әзірледі.
Жоба 2024 жылғы 12 сәуірдегі №24-01-12.1 Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ғылым және технологиялар жөніндегі Ұлттық кеңестің отырысында берілген Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмаларын орындау мақсатында «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді.
Жоба ашық нормативтік құқықтық актілер интернет-порталында (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15547523) орналастырылған. Жобаға қоғамдық талқылау жүргізу мерзімі 2025 жылғы «15» шілдеге дейін белгіленген.
Барлық мүдделі азаматтар жобаны талқылауға қатыса алады.