Азия университеттері альянсының форумында Азияның беделді ЖОО-ның ректорлары бас қосады
БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ
Азия университеттері альянсының форумында Азияның беделді ЖОО-ның ректорлары бас қосады
11-12 мамырда Назарбаев Университет Азия университеттері альянсының (ААУ) ректорлар форумын өткізеді. Азияның 15 ірі университет өкілдері, оның ішінде Цинхуа университеті, Назарбаев университеті, Гонконг ғылым және технология университеті, Токио университеті, Сеул Ұлттық университеті, Астанада бас қосып Азиядағы жоғары білімнің ең өзекті сауалдарды талқылайды. Альянстың бірқатар негізін қалаушылар 2022 Times Higher Education Asian University Rankings (THE) рейтингінде 10 үздік оқу орындарының және QS World University Rankings (QS) 2023 50 үздік оқу орындарының қатарында.
2023 жылы форум «Дамушы Азияда жоғары білім беруді қалыптастыру: құру, интеграция және инновациялар» тақырыбында өтеді. Платформа қатысушыларға Азиядағы жоғары білімнің негізгі сын-қатерлерін талқылауға, оқытудың және зерттеудің жаңа үлгілері мен тәсілдері туралы пікір айтысуға мүмкіндік береді.
11 мамырда Назарбаев университеті және Цинхуа университеті Студенттермен алмасу туралы келісімге, сонымен қатар Назарбаев университеті Малайя университетімен академиялық-ғылыми ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қояды.
12 мамырда қатысушылардың панельдік сессиялары 3 негізгі тақырыптар бойынша өтеді:
- Теңсіздіктің кеңеюі, климаттың өзгеруі, жасанды интеллект технологияларының қарқынды дамуы сияқты қалыптасқан жаһандық сын-қатерлер аясында жоғары білімнің міндеттері туралы пікірталас.
- Азиядағы студенттер мен ғалымдардың ұтқырлығын ілгерілету және Азияға жаһандық таланттарды тарту. Болон процесінің азиялық нұсқасының перспективалары.
- Тұрақты университеттерді дамыту және тұрақты даму саласындағы студенттердің құзыреттілігі.
Азия университеттері альянсы – альянсқа мүше университеттер арасындағы академиялық ынтымақтастықты, мәдени түсіністік пен ғылыми инновацияларды дамыту мақсатында 2017 жылы құрылған коммерциялық емес ұйым. Альянс құрамына Азиядағы 15 университет кіреді. Миссиясы: мүше университеттер арасындағы серіктестікті нығайту және академиялық жетістіктер мен инновацияларды ілгерілету арқылы Азиядағы жоғары білім сапасын арттыру. Бірқатар бағдарламалары мен бастамалары арқылы Альянс өз мүшелерінің арасында ынтымақтастық пен білім алмасуға жәрдемдесуге, оқытуға, және зерттеуге инновациялық тәсілдерді дамытуға қолдау көрсетуге тырысады.
Альянсқа мүше университеттер:
Цинхуа университеті (Қытай)
- Назарбаев Университеті (Қазақстан)
- Гонконг ғылым және технология университеті (Қытай, Гонконг)
- Токио университеті (Жапония)
- Сеул ұлттық университеті (Оңтүстік Корея)
- Сингапур Ұлттық университеті (Сингапур)
- Үндістанның Бомбей технологиялық институты (Үндістан)
- Индонезия университеті (Индонезия)
- Чулалонгкорн университеті (Тайланд)
- Малайя университеті (Малайзия)
- Коломбо университеті (Шри-Ланка)
- Янгон университеті (Мьянма)
- Пекин университеті (Қытай)
- Біріккен Араб Әмірліктерінің университеті (БАӘ)
- Сауд Король университеті (Сауд Арабиясы)
БАҚ өкілдерін аккредитациялау бойынша: Айдана, 87023055592, Pressa@nu.edu.kz
Форум бағдарламасы мен қатысушылардың тізімі қоса берілген.