«Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін аккредиттеу» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрі бұйрығының жобасына баспасөз хабарламасы
Бұйрықтың жобасы «Ғылым және технологиялық саясат туралы» ҚР Заңының 16-бабының 3-тармағына және 27-бабының 2-тармағына, сондай-ақ 2024-2026 жылдарға арналған электрондық мемлекеттік қызметтер көрсету үдерістерін жетілдіру жөніндегі ҒЖБМ-нің кешенді жоспарының 5.1. және 11.1-тармақтарына сәйкес әзірленді.
Бұйрық жобасымен мемлекеттік қызмет көрсетудің баламасыз электрондық форматына көшу, заңды тұлғалар үшін мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін қысқарту, негізгі талаптарды заңды тұлғалар ұсынатын құжаттардың ең аз санымен толықтыру жоспарлануда. Мұның бәрі аккредиттеуді жеңілдетуге, өтінімнің күйін онлайн тексеруге, процесті стандарттауға мүмкіндік береді.
Жоба НҚА порталында орналастырылды: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15529844.
Қызмет бағыты