«Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары жүзеге асыратын халықаралық ынтымақтастықты ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрі бұйрығының жобасына баспасөз хабарламасы

Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі «Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары жүзеге асыратын халықаралық ынтымақтастықты ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрі бұйрығының жобасын (бұдан әрі – Жоба) әзірледі.

Жоба «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 65-бабының 3-тармағына және «Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 53) тармақшасына сәйкес әзірленді.

Жоба 2025 жылғы «30» сәуірде ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15522449) орналастырылған. Жобаны жария талқылауды өткізу мерзімі 2025 жылғы «20» мамырға дейін.

Барлық мүдделі азаматтар жобаны талқылауға қатыса алады.