Chartered Management Institute Қазақстанда
БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ
2023 жылғы 24 сәуір Астана қ.
Chartered Management Institute Қазақстанда
Chartered Management Institute (CMI) Ұлыбританияның ең беделді кәсіби менеджмент қауымдастығымен Орта Азия елдерінде алғашқы боп Қазақстанның Esil университеті келісімге отырмақ.
Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова, CMI Халықаралық бөлімінің басшысы Заин Мунир, CMI Өңірлік кеңесінің төрағасы Таранжит Сингх, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, «Атамекен» ҰКП, кәсіби қауымдастықтар, сондай-ақ Астана университеттері өкілдері қатыса отырып, «Университеттің кәсіби серификаттау жүйесін халықаралық деңгейге көтеру» атты дөңгелек үстел аясында ұлттық жүйенің жіктелуі туралы сөз қозғайды.
Орта Азияда Esil University дипломымен қоса CMI менеджерінің кәсіби сертификаты берілетін болады.
Анықтама:
Chartered Management Institute (CMI, дәрежесі биік басқару институты) –халықаралық кәсіби басқару және көшбасшылық орталық. Дәрежесі биік басқару институты 1947 жылдан бері жұмыс істейді, оған әлемнің 182 мыңнан астам жеке және ұжымдық мүшелері кіреді. Chartered Management Institute қазіргі таңда қатысушылар саны 200 000 асады.
Барлық өзекті жаңалықтар https://esil.edu.kz/ru / сайтта және Esil University-дің әлеуметтік медиадағы ресми беттерінде жарияланады.
Құрметпен,
Тамирис Әбділдина
Esil University баспасөз қызметі
Іс-шараның басталуы: 2023 жылғы 27 сәуір сағат 15.00-де.
Өтетін орны: Астана қ., Д. Қонаев к-сі, 4 (Қазмедиа орталығы)
Аккредиттеу тізімдерін 26 сәуір сағат 12:00-ге дейін поштаға жіберіңіз pr@esil-edu.kz
+7 771 546 97 23