«Кейбір бұйрықтарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрі бұйрығының жобасына баспасөз хабарламасы
Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі «Кейбір бұйрықтарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрі бұйрығының жобасын (бұдан әрі – Жоба) әзірледі.
Жоба «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабының 4-тармағына сәйкес келтіру мақсатында әзірленді.
Жоба 2025 жылғы «14» сәуірде ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15512452) орналастырылған. Жобаны жария талқылауды өткізу мерзімі 2025 жылғы «06» мамырға дейін.
Барлық мүдделі азаматтар жобаны талқылауға қатыса алады.