Семей қаласында Әлихан Бөкейхан Университетінің жаңа Студенттер үйінің (студенттік жатақхананың) ашылуы туралы
Семей қаласында Әлихан Бөкейхан Университетінің
жаңа Студенттер үйінің (студенттік жатақхананың) ашылуы туралы
ПРЕСС – АҢДАТПА
Өтетін орны: Семей қаласы, Қаржаубайұлы к-сі, 249 «К».
Өтетін уақыты: 2023 ж. 21 сәуірі, сағат 12:00-де
21 сәуір күні Семей Семей қаласында Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің қатысуымен Әлихан Бөкейхан Университетінің жаңа Студенттер үйінің ашылу салтанаты өтеді.
Іс-шара барысында – салтанатты ашылу, Студенттер үйіне пресс-тур және ғимарат алдындағы аллеяға ағаш отырғызу рәсімі өтеді.
Ашылу салтанатына ҚР ҒжЖБМ, Абай облысы әкімдігінің өкілдері, Университеттің профессор-оқытушылар құрамы мен білім алушылары және оқу орнының әлеуметтік серіктестері қатысады.
Анықтама үшін:
Әлихан Бөкейхан Университетінің жаңа Студенттер үйі Семей қ., Қаржаубайұлы к-сі, 249 «К» мекенжайы бойынша орналасқан. Студенттер үйінде 400 тұрғынға есептелген.
Құрылысы 2021 жылдың күзіне басталған. Жатақхана толықтай Университеттің өз қаражаты есебінен тұрғызылды. Жалпы ауданы – 6000 шаршы м.
«Студенттер үйі» 6 қабаттан (астыңғы қабат және ғимарат бойындағы 5 қабат) және 136 бөлмеден тұрады. Әр бөлмеде 3 адамнан тұрады, бөлмелер жекелеген «блок-секцияларға» қосылады. Әр секцияда екі бөлме, жеке санитарлық бұрышы және душ бөлмесі бар. Сонымен қатар жатақханада: кітапхана, акт залы, заманауи фитнесс зал, кір жуатын бөлме және басқа да тұрмыстық, қосалқы жайлар қарастырылған.
Жатақхана ғимараты Қазақстанда өндірілген силикат кірпішінен тұрғызылған. Қабырғалар жылуды сақтауы үшін арнайы суық өткізбейтін материалдармен қапталған.
Әлихан Бөкейхан Университеті – өңірдегі жетекші көп салалы жоғары оқу орны. Заң саласы, техникалық, гуманитарлық және педагогикалық бағыттарда бакалавриат, магистратура және докторантура білім беру бағдарламалары бойынша мамандар даярлайды. Қазіргі таңда университетте 8600 білім алушы оқып жатыр. Университеттің 8 оқу корпусы, «Abai IT-Valley» заманауи технологиялық кластері ҚР Қорғаныс министрлігінің бағдарламалары бойынша запастағы офицерлер мен сержанттарды дайындайтын өз әскери кафедрасы бар.