Ғылым және жоғары білім министрінің Маңғыстау облысына жұмыс сапары
Маңғыстау облысы
Ақтау қаласы
Yessenov University 22 сәуір 2023 жыл
Анонс
Ғылым және жоғары білім министрінің Маңғыстау облысына жұмыс сапары
Өтетін күні: 2023 жыл 22 сәуір
Өткізу уақыты: 13:00 - 17:00
Өтетін орны: Ақтау қ., 32 ш/а., Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті
Мемлекет басшысының Атырау және Маңғыстау облыстарының талапкерлері мен олардың ата-аналары үшін нысаналы білім беру гранттары туралы ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын тиісті деңгейде жүргізу туралы тапсырмасын орындау мақсатында ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің ағымдағы жылдың 22 cәуірінде Маңғыстау облысына жұмыс сапары жоспарлануда және ҚР ҒЖБМ министрінің төрағалығымен батыс өңірлердің жастарын жетекші жоғары оқу орындарында оқыту мәселесі бойынша дөңгелек үстел өткізу көзделуде.
Министрмен бірге ҚР ЖОО-ның қырықтан астам ректорларының келуі жоспарлануда, олар Yessenov University жаңалықтарымен және жоспарларымен танысады. Іс-шараға барлығы 100-ден астам адам қатысады деп күтілуде. Бұл күні бірқатар іс-шаралар жоспарланған: Yessonov Technopark кешенінің құрылысына уақыт капсуласын салу, қонақтарды Yessenov Jylyjay-мен, жасыл технологиялар орталығындағы Жаңа су тұщыландыру қондырғысымен таныстыру.
Сондай-ақ, келушілер Теңіз Академиясының үш қабатты ғимаратының және университет аумағындағы жаңа стадионның құрылыс алаңдарын көреді.
Әрі қарай іс-шаралар университет аумағында салынған жаңа жатақхананың салтанатты ашылу рәсімі және жатақхана фойесінде журналистерге арналған баспасөз конференциясымен жалғасады.