«Студент және сахна» студенттік театрлар фестивалі
2023 жылғы 21-22 сәуірде Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің 95 жылдығына орай «Студент және сахна» студенттік театрлардың республикалық фестивалі өтеді.
Мақсаты – студенттердің шығармашылық қабілеттерін дамыту, жастар арасында ұлттық, рухани құндылықтарды насихаттау. Іс-шараға Алматы қаласынан бөлек, Шымкент, Тараз, Орал, Өскемен және Астана қалаларындағы жоғары оқу орындарынан 10-ға жуық студенттік театрлар қатысады.
Фестиваль аясында қазіргі қоғамдағы әлеуметтік (құмар ойын, телефонға тәуелділік, жасөспірімдер арасындағы әлімжеттік, өз-өзіне қол жұмсау, қаржы пирамидасы, жемқорлық, аборт, т.с.с) қойылымдар қойылады. Шығармашалық фестивальдің қазылар алқасы құрамында М.Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры және Ғ. Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының актерлері, сценаристері және режиссерлері әділ төрешілік етеді.
Іс-шараға Алматы қаласы әкімдігі мәдениет басқармасының және БАҚ өкілдері, қоғам қайраткерлері, профессор-оқытушылар құрамы, студенттер қатысады.
Фестивальдің ашылу салтанаты: Алматы қаласы, Достық даңғылы, 13, Абай атындағы ҚазҰПУ-дың 225 конференц залы
Басталуы: 2023 жылғы 21 сәуір сағат 10.00
Фестиваль жеңімпаздарын марапаттау: Алматы қаласы, Нұркент ш/а.,6, «Алатау» дәстүрлі өнер театры
Басталуы: 2023 жылғы 22 сәуір сағат 16.00
Құрметті БАҚ өкілдері, сіздерден ұлттық құндылықтар туралы ақпаратты насихаттауда және жастардың қоғамдағы маңызды мәселелерге дұрыс көзқарастарын қалыптастыруда ақпараттық қолдау көрсетулеріңізді сұраймыз.
Қосымша анықтама алу үшін: 8 778 908 09 20 Римма Абдықадырқызы, 8 747 848 65 16 Мағжан