Сіздерді «ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ КОММЕРЦИЯЛАНДЫРУ РЕАКТОРЫНА» шақырамыз
БАСПАСӨЗ-ХАБАРЛАМАСЫ
Сіздерді «ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ КОММЕРЦИЯЛАНДЫРУ РЕАКТОРЫНА» шақырамыз.
Қазақстандық ғылым апталығы аясында «Астана» халықаралық қаржы орталығының алаңында «Ғылым қоры» АҚ ағымдағы жылдың 12 сәуірінде «Технологияларды коммерцияландыру реакторы» диалог алаңын өткізеді.
Дәстүр бойынша Қазақстанның жоғары оқу орындары мен ҒЗИ ғалымдарына бизнесмендерді, кәсіпкерлерді және әлеуетті инвесторларды нарықта оларды одан әрі коммерцияландыру бойынша мәмілелер жасасу мақсатында ғылыми идеялар мен әзірлемелерге қызықтыру мүмкіндігі ұсынылады.
Алдағы технологияларды коммерцияландыру реакторында жер қойнауын пайдалану, АӨК, тамақ өнеркәсібі, медицина, құрылыс, туризм салаларындағы жобаларды қарау жоспарлануда: «Бір мезгілде-сұйықтықты қабатқа бөлек айдау жабдығы», «Софмая» түйе сүтінен сусынын өндіру», «Күкірт нанобөлшектері негізінде өсімдіктердің өсуін ынталандырушы», «Солтүстік Қазақстанның дала аймағының азықтық базасын нығайтудағы көктемгі тритикале», «Импульстік электро-депофорезге арналған аппарат» (стоматология), «Pol-Pro» топырақ-эмаль және т. б.
Бұрын жүргізілген «Технологияларды коммерцияландыру реакторларының» қорытындысы бойынша ұсынылған 40 ғылыми жобаның 21-і бойынша бизнеспен мәмілелер жасалды.
Мекен-жайы: 12 сәүір, 09.00 с, Астана қаласы, «Астана» халықаралық қаржы орталығы, Мәңгілік Ел, 55/19, С3.4, байланыс тел. – 8 701 222 09 06, sma_abai@mail.ru