2023 жылы сәуірдің 11-12 күндері сағат 10:00-де Ғылым апталығы аясында Astana IT University-де ҚР Президентінің Ғылым және технологиялар жөніндегі Ұлттық кеңесінің мүшелері және шетелдік жетекші ғалымдардың дәрістері

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

 

Астана қ.                              11-12 сәуір 2023 ж.

 

2023 жылы сәуірдің 11-12 күндері сағат 10:00-де Ғылым апталығы аясында Astana IT University-де ҚР Президентінің Ғылым және технологиялар жөніндегі Ұлттық кеңесінің мүшелері және шетелдік жетекші ғалымдардың дәрістері, сондай-ақ жас ғалымдар кеңесінің отырыс өтеді.

 

Жетілдірілген ғылыми білім саласындағы гендік инженерия, нанотехнология, эксперименттік физика сияқты маңызды тақырыптар қозғалады. Авторлық дәрістерді:

1) Густав Рози институтының «ДНҚ жөндеу» зертханасының директоры (Франция) Мұрат Сапарбаев;

2) Пурдю университетінің (АҚШ) ядролық энергетика мектебінің профессоры Зинетула Инсепов;

3) Австрия ғылым және технология институтының профессоры (Австрия) Жаныбек Әлпищев;

4) Лос-Аламос ұлттық зертханасының қызметкері (АҚШ) Дияр Талбаев

және т.б. оқиды.