ЕҰУ-да XVI-XIX ғасырлардағы Қазақ мемлекетінің карталары галереясы ашылады

ҚР Ғылым қызметкерлері күні қарсаңында 2023 жылғы 11 сәуірде сағат 14:00-де Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-да (Қ. Сәтбаев к-сі, 2. Күлтегін атриумы) Қазақ мемлекетінің XV-XIX ғасырлардағы көне еуропалық және америкалық карталарының галереясы ашылады.

Галереяда ЕҰУ Заманауи зерттеулер институтының директоры Мұхит-Ардагер Сыдықназаровтың көп жылдық ғылыми зерттеулерінің нәтижесінде табылған 100-ге жуық картасы ұсынылады.

XV-XIX ғасырлардағы тарихи еуропалық және америкалық карталар ғалымның «Қазақстанның үзіліссіз мемлекеттілігі тарих толқынында. XVІ-XIX ғасырлардағы еуропалық және америкалық карталардағы Қазақ мемлекеті.Атлас» кітабында ұсынылған. ЕҰУ профессоры 17 жыл бойы еуропалық ұлттық және корольдік мұрағаттарда, кітапханалар мен мұражайларда, АҚШ карта орталықтарында және кітапханаларында зерттеулер жүргізді.

Галереяның ашылуы аясында кітап авторы Мұхит-Ардагер Сыдықназаров дәріс өткізеді.

Іс-шараға ЖОО ректорлары ғылыми-білім беру қауымдастығының өкілдері, жоғары білім беру ұйымдарының қызметкерлері, оқытушылар мен ғалымдар қатысады.

 

Аккредиттеу мәселелері бойынша төмендегі телефон арқылы хабарласуға болады: 8 702 36 36 005

Қызмет бағыты