Жиі қойылатын сұрақтар

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 2023 жылғы 11 тамыздағы № 403 бұйрығы мен бекітілген https://adilet.zan.kz/rus/docs/V2300033291 Маманды жұмысқа жіберу, бюджет қаражаты есебінен жұмсалған шығыстарды өтеу, өз бетімен жұмысқа орналасу құқығын беру, мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алған Қазақстан Республикасының азаматтарын жұмыспен өтеу жөніндегі міндетінен босату немесе олардың міндетін тоқтату қағидаларының 13 тармағына сәйкес жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының түлектері, ағымдағы жылы оқуды аяқтаған 1 қыркүйектен кешікпей жолдама бойынша жұмыс орнына келеді.

Мысал: Менің ұлым С. 2026 жылы «Орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі» мамандығы бойынша университет бітіреді. Біз отбасымызбен шетелге демалысқа шығуды жоспарлап отырмыз. Ұлым 10 қыркүйекте білім беру ұйымына жұмысқа орналаса ала ма?

Жоқ, Сіздің ұлыңыз мемлекеттік грант бойынша міндетті өтеуін ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен кешіктірмей бастауы тиіс.