Жиі қойылатын сұрақтар

«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 2-тармағына сәйкес (https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z070000319) егер Қазақстан Республикасының азаматы осы деңгейлердің әрқайсысының білімін бірінші рет алса, Мемлекет Қазақстан Республикасы азаматтарының мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес конкурстық негізде тегін жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуын қамтамасыз етеді.

Осылайша, Қазақстан Республикасының азаматы аталған дәрежесі болса, магистр дәрежесін тек ақылы негізде ғана ала алады.

Мысалы, азамат М. гранттық негізде педагогикалық бағыт бойынша магистратурада оқуын аяқтап, магистр дәрежесін алды. Болашақта ол «Экономика» бағыты бойынша магистратураға түсуді жоспарлап отыр. Бұл жағдайда азамат М. көрсетілген бағыт бойынша магистратураға оқуға тек ақылы негізде қабылдануы мүмкін, өйткені ол бұрын магистр дәрежесін алған болатын.