Жиі қойылатын сұрақтар

«Мемлекеттік тапсырысты орындайтын мемлекеттік ғылыми ұйымдардың және мемлекеттік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының ғылыми қызметкерлеріне еңбекақы төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 25 желтоқсандағы № 592 бұйрығына сәйкес https://adilet.zan.kz/kaz/docs/G24HN000592 гранттық қаржыландыру шеңберінде ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізетін мемлекеттік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымында жұмыс істейтін философия докторы (PhD), қауымдастырылған профессорға: философия докторы (PhD) және қауымдастырылған профессор (доцент), бейіні бойынша доктор ғылыми атағы және қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағы үшін республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын 25 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде төлем қарастырылған.

Мысалы, В. есімді азамат философия докторы (PhD, қауымдастырылған профессор (доцент) Астана қаласындағы университеттердің бірінде гранттық қаржыландыру шеңберінде ғылыми-зерттеу жұмысымен айналысқан, бірақ ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен бастап Қарағанды қаласының университетіне доцент болып қабылданып, гранттық қаржыландыру шеңберінде сол жұмысты жалғастырған. Ол жаңа жұмыс орны бойынша қосымша ақы ала ма?

Иә, В. есімді азамат осы қосымша төлемді әрі қарай да ала береді.