Жиі қойылатын сұрақтар
Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының (Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2022 жылғы 20 шілдедегі № 2 бұйрығы) 110-тармағына https://adilet.zan.kz/rus/docs/V2200028916 сәйкес, докторантураның білім беру бағдарламасының теориялық оқыту толық курсын меңгерген, ғылыми-зерттеу немесе эксперименталды-зерттеу жұмысын орындаған, бірақ докторлық диссертациясын қорғамаған докторантқа оқу нәтижелері мен академиялық кредиттер беріледі және оқуды бітіргеннен кейін екі жыл ішінде тегін негізде, ал кейінгі жылдары кемінде 4 академиялық кредит көлемінде ақылы негізде диссертациясын қорғауға мүмкіндік беріледі.
Бұл ретте оқуды бітіргеннен кейін 3 жыл өткен соң докторант диссертациялық зерттеудің ғылыми негіздемесін (research proposal (ресерч пропозал) ақылы негізде қайта бекіткеннен кейін ғына қорғауға жіберіледі.
Мысалы: Мен Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің докторантурасындағы оқуымды 2023 жылы аяқтадым. Оқуды бітіргеннен кейінгі белгіленген мерзім ішінде балалы болуыма байланысты докторлық диссертациямды қорғай алмадым. Қорғауға құжаттарымды тегін негізде тапсыра аламын ба?
Тегін негізде сіз докторантураны бітіргеннен кейін тек 2 жыл ішінде ғына қорғай алар едіңіз. Үш жыл өткеннен кейін қорғау тек ақылы негізде жүзеге асырылады.
«Болашақ» халықаралық стипендиясын іске асыру бойынша кейбір шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 7 қазандағы № 413 бұйрығына (https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1300008880) сәйкес жұмыс берушінің анықтамаларымен және зейнетақы аударымдарының төленгенін растайтын құжаттармен (оның ішінде зейнетақы қорынан үзінді көшірме) расталған соңғы күнтізбелік 12 (он екі) ай ішінде тұрақты еңбекақысы бар Қазақстан Республикасының 50 (елу) жасқа дейінгі азаматтары кепілдік беруші бола алады. Кепілгер стипендиатпен бірге ортақ жауапкершілік көтереді және Стипендиат «Болашақ» стипендиясынан айырылған немесе одан бас тартқан жағдайда оқу шығындарын өтеуге міндеттенеді.
Мысалы: Менің жасым 49-да, Қостанай қаласында 5 жылдан бері дәрігер болып жұмыс істеймін және «Болашақ» бағдарламасының стипендиаты үшін кепілгер болуды жоспарлап отырмын. Мен кепілгер бола аламын ба және «Болашақ» халықаралық бағдарламасы алдындағы міндеттемелерім қандай болады?
Иә, Сіз кепілгер бола аласыз, себебі жасыңыз 50-ден төмен және соңғы 12 ай ішінде тұрақты табысыңыз бар. Сізбен кепілдік шарты жасалады, оған сәйкес Сіз «Болашақ» халықаралық бағдарламалар орталығы бағдарламасының стипендиатымен бірге ортақ жауапкершілік қабылдайсыз. Бұл дегеніміз, егер стипендиат бағдарлама талаптарын бұзса немесе орындамаса, ол Сізбен бірге оның оқуына жұмсалған шығындарды өтеуге міндетті болады.
Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының (Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2022 жылғы 20 шілдедегі № 2 бұйрығы) (бұдан әрі – ЖМБС) 2-тармағының 9) тармақшасына https://adilet.zan.kz/rus/docs/V2200028916 сәйкес, докторантура – білім беру бағдарламалары кемінде 180 академиялық кредитті міндетті түрде игере отырып, философия докторы (PhD) (бейіні бойынша доктор) дәрежесін берумен ғылыми, педагогикалық және (немесе) кәсіптік қызмет үшін кадрлар даярлауға бағытталған жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру.
Педагогикалық практика кезеңінде докторанттар бакалавриат пен магистратурада сабақ өткізуге тартылады.
Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары (бұдан әрі – ЖЖОБҰ) педагогтерінің (профессор-оқытушылар құрамының) кәсіптік стандартына (Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 20 қарашадағы № 591 бұйрығы) https://adilet.zan.kz/rus/docs/G23HN000591 сәйкес, білім беру саласындағы жоғары оқу орнынан кейінгі білімі (ғылыми-педагогикалық магистратура), жоғары білімі бар оқытушының, ассистенттің, маманның студентке бағдарланған оқыту мен бағалау принциптерін ескере отырып, оқу сабақтарын (дәрістерден басқа) ұйымдастыруға және өткізуге құқығы бар.
ЖЖОБҰ дәрістерді «ғылым кандидаты» немесе «ғылым докторы» ғылыми дәрежесі немесе «философия докторы (PhD)» дәрежесі бар, сондай-ақ тиісті ғылымдар магистрі дәрежесі бар оқытушылардың және (немесе) оқытушы лауазымында кемінде үш жыл еңбек өтілі немесе бейіні бойынша кемінде бес жыл практикалық жұмыс өтілі бар аға оқытушылардың оқуын қамтамасыз етеді.
Сонымен қатар, ҚР «Білім туралы» Заңының 47-бабының 4-тармағына https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z070000319 сәйкес, ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, күндізгі оқу нысаны бойынша барлық білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілерінің оқуды сабақтан тыс уақытта жұмыспен ұштастыруға құқығы бар.
Мысалы: Мен Алматы қаласындағы университеттердің бірінің докторантымын, білім беру гранты бойынша оқимын. Докторантурадағы оқуыммен қатар мектепте мұғалім немесе өз университетімде оқытушы болып жұмыс істей аламын ба?
Иә, докторантурада оқып жатқан кезде Сіз оқудан бос уақытта мектепте мұғалім болып жұмыс істей аласыз немесе жоғары оқу орнында оқытушы ретінде сабақ бере аласыз.
Жоғары білімнің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының (Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2022 жылғы 20 шілдедегі № 2 бұйрығы) (бұдан әрі – ЖМБС) 32-тармағына https://adilet.zan.kz/rus/docs/V2200028916 сәйкес, жоғары білім беру бағдарламасы негізінде оқуға түскен білім алушылардың қысқартылған оқу мерзімдері бар білім беру бағдарламалары бойынша оқуы үшін академиялық кредиттердің саны мен жоғары білімнің білім беру бағдарламасының қажетті көлемін жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы (бұдан әрі – ЖЖОБҰ) формальды және формальды емес білім берудің бұған дейін қол жеткізілген оқу нәтижелерін тануды ескере отырып, дербес анықтайды.
Мысалы: Мен Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің түлегімін, басқа білім беру бағдарламасы бойынша екінші жоғары білім алғым келеді. Менің бірінші жоғары білім бойынша оқу нәтижелерім және Coursera платформасында өткен курстарымның нәтижелері есепке алына ма?
Иә, Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына (МЖМББС) сәйкес, бірінші жоғары білімнің және формальды емес білім берудің академиялық кредиттерін Оқу нәтижелерін тану комиссиясының (ЖЖОБҰ‑да құрылады) шешімімен танылады.
Жоғары білімнің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына (Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2022 жылғы 20 шілдедегі № 2 бұйрығы) https://adilet.zan.kz/rus/docs/V2200028916 сәйкес, техникалық және кәсіптік білім беру, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламалары негізінде оқуға түскен кезде және жоғары білімнің білім беру бағдарламасының бейіні мен (немесе) сабақтастығы жоғары білімнің, техникалық және кәсіптік білімнің немесе орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламасымен сәйкес келген жағдайда, формальды білім берудің алдыңғы деңгейінің оқу нәтижелері автоматты түрде танылады, игерілетін академиялық кредиттер саны мен оқу мерзімі қысқартылады.
Оқу нәтижелері пререквизиттер (пререквизит – бұл оқу бағдарламасына қол жеткізу үшін орындалуы қажет алдын ала талап) ретінде сәйкес келген жағдайда, формальды білім берудің алдыңғы деңгейінің (оқу орнын бітіру) жекелеген пәндері, сондай-ақ тиісті деңгейдегі формальды емес білім берудің (курстардан өту) оқу нәтижелері қайта саналып есепке алынады.
Мысалы, мен Астана қаласының Жоғары көлік және коммуникация колледжінің түлегімін. Өз мамандығым бойынша ALT университетінде оқуымды жалғастырғым келеді. Менің оқу нәтижелерім есепке алына ма? Оқу мерзімі қысқартыла ма?
Иә, есепке алынады, оқу мерзіміңіз қысқартылады. Университет сіздің бұған дейін алған біліміңіз бен дағдыларыңызды ескере отырып, жеке оқу жоспарын құрады. Қайта саналатын кредиттер саны және, сәйкесінше, оқу мерзімінің қысқартылуы сіздің алдыңғы оқу бағдарламаңызды бағалау нәтижелеріне байланысты болады.
«Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 5-3-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында (бұдан әрі – ЖЖОКБҰ) білім беру саласындағы заңнаманың және білім берудің мемлекеттік стандарттарының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады (https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z070000319_#z1343).
Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 144-бабының 2-тармағына, 144-2-бабының 4-тармағына сәйкес, бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылаудың жарты жылдық тізілімі және (немесе) тексеру кестесі негізінде бақылау органы бақылау субъектісін мемлекеттік бақылаудың басталуы туралы оның басталуына кемінде 30 күнтізбелік күн бұрын күнін көрсете отырып жазбаша түрде ескертуге міндетті (https://adilet.zan.kz/kaz/docs/K1500000375).
Хабарлама қолма-қол табыс етіледі, табыс етілгені туралы хабарламасы бар тапсырысты пошта жөнелтілімі нысанында не электрондық поштасына электрондық цифрлық қолтаңба арқылы қол қойылған электрондық құжат арқылы немесе өзге де қолжетімді тәсілмен жіберіледі.
Мысалы, Алматы қаласындағы ЖЖОКБҰ-лардың біріне мемлекеттік бақылауды жүргізудің басталатыны туралы хабарлама жіберіліп, оны бақылау субъектісі ағымдағы жылдың 20 сәуірінде алған. Осы субъектіге қатысты мемлекеттік бақылау тек ағымдағы жылдың 20 мамырынан бастап, яғни 30 күнтізбелік күн өткеннен кейін ғана жүргізіледі.
«Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы заңының (бұдан әрі – Заң) 21-бабына сәйкес https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z970000151_#z26 «Мемлекеттік ұйымдардың маңдайшалары мемлекеттік тілде және орыс тілінде, қажет болған кезде басқа тілдерде де орналастырылады. Мемлекеттік емес ұйымдардың маңдайшалары мемлекеттік тілде, қажет болған кезде орыс тілінде және (немесе) басқа тілдерде де орналастырылады». Заңның талаптарына сәйкес маңдайшаны орналастыруға «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес маңдайшаларды орналастыру туралы хабарлама жіберілген жағдайда жол беріледі https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z1400000202.
Мысал:
Азамат А. шаштараз қызметтерін көрсету бойынша қызметпен айналысуды шешті. Тұрғынжайды сатып алды (жалға алды). Өз қызметін танымал ету үшін маңдайшаны орнату қажет. Маңдайшаны орналастыру үшін ең алдымен жергілікті атқарушы органдардан (әкімдік) келісім алу керек. Тұрғынжайдағы маңдайша мемлекеттік тілде немесе мемлекеттік, орыс және (немесе) басқа тілдерде болуы керек.
Қазақстан Республикасының «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Заңының 5-бабының 2-тармағына сәйкес, аударымдар және (немесе) жарналар төленбеген жағдайда, тұлғалар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмекті осындай аударымдар және (немесе) жарналар төлеу тоқтатылған сәттен бастап үш айдан аспайтын мерзімде алуға құқылы. Бұл ретте аталған құқық төленбеген кезең үшін қорға жарналарды төлеу міндетінен босатпайды (https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z1500000405).
«Жоғары білімнің бірыңғай платформасы» (бұдан әрі – ЖББП) ақпараттық жүйесінің деректеріне сәйкес, Сіз Нархоз университетінің түлегісіз және жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының (бұдан әрі – ЖЖОКБҰ) ешқайсысында тіркелмегенсіз. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің (бұдан әрі – ЕХӘҚМ) ақпараттық жүйелеріндегі мәртебеңіздің өзектілігін нақтылау үшін 1414 нөмірі бойынша Бірыңғай байланыс орталығына немесе ЕХӘҚМ-не жүгіну қажет.
Мысалы: Егер ЖЖОКБҰ-да оқуды аяқтауына байланысты түлекті оқудан шығару туралы бұйрық 2025 жылғы 20 маусымда шығарылса, онда үш ай ішінде (шілде, тамыз, қыркүйек), яғни 2025 жылғы қазан айына дейін түлекте студент мәртебесі сақталады.
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2020 жылғы 12 мамырдағы № 196 бұйрығымен бекітілген «Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін аккредиттеу» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларының 6-тармағына сәйкес https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2000020626 Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін аккредиттеу туралы куәлікті алу үшін заңды тұлғаның штатында жиыны 7 (жеті) ғылыми қызметкер, оның ішінде ғылыми дәрежесі бар 5 (бес) ғылыми қызметкер және магистр академиялық дәрежесі бар 2 (екі) ғылыми қызметкер болуы қажет.
Мысалы:
Алматы қаласының Ғылыми-зерттеу институты (бұдан әрі – ҒЗИ) «Ұлттық инновациялық жүйенің бірыңғай терезесі» (Astana Hub) ақпараттық жүйесі арқылы ауыл шаруашылығы саласындағы ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектісі ретінде аккредиттеу туралы куәлік алуға өтінім берді. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті құжаттарды тексеру барысында өтінімді кері қайтарды, себебі ҒЗИ штатында ғылыми дәрежесі бар бес ғылыми қызметкердің орнына төрт ғылыми қызметкер жұмыс істейтіні анықталды.
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 2023 жылғы 14 қыркүйектегі № 466 бұйрығымен https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2300033417 бекітілген Ғылым саласындағы сыйлықтарды, мемлекеттік ғылыми стипендияларды беру қағидаларына сәйкес мемлекеттік ғылыми стипендиялар Ғылым және жоғары білім министрлігінің бұйрығымен бір жылға дейінгі мерзімге тағайындалады (29-тармақ). Бұрын республикалық бюджет қаражатынан төленетін мемлекеттік ғылыми стипендияларға ие болған ғалымдарға мемлекеттік ғылыми стипендиялар алдыңғы тағайындалған жылдан кейін кемінде үш жыл өткен соң қайта берілуі мүмкін (28-тармақ).
Мысал: азамат А. 2023 жылы гуманитарлық ғылымдар саласындағы мемлекеттік ғылыми стипендияның лауреаты болды.2025 жылы азамат А. тағы да мемлекеттік ғылыми стипендия алуға құжаттар ұсынды. Ғылым және жоғары білім министрінің бұйрығымен құрылған конкурстық комиссия азамат А-ның құжаттарын қабылдамады, өйткені алдыңғы марапаттаудан кейін үш жыл өткен жоқ.