Жиі қойылатын сұрақтар

Әрбір жоғары оқу орны (бұдан әрі – ЖОО) білім алушыларды ауыстыру мен қайта қабылдау қағидаларын бекітеді. Бұл ретте, ЖОО Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2018 жылғы 30 қазанындағы № 595 бұйрықты басшылыққа алады (https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1800017657).

Білім алушы бір жоғарғы оқу орнынан екіншіге ауысу тек жазғы және қысқы демалыс кезінде жүзеге асырылады. Қажетті құжаттар тізімі: өтініш, түпнұсқа транскрипт, білім туралы аттестаттың көшірмесі қосымшасымен, курсқа қабылдау және курс өту туралы бұйрықтан алынған көшірме, грант туралы куәлік (бар болған жағдайда), ҰБТ сертификаты.

Мысалы: Сіз Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде оқып жатырсыз және «Тұран» университетіне ауысқыңыз келеді:

Өтінішіңізді демалыс кезінде тапсырасыз → ауысу мүмкін.

Өтінішті оқу семестрінің ортасында тапсырасыз → ауысу мүмкін емес.