Азаматтарды қабылдау орталығы

Жарияланған күні: 26 қаңтар 2024
Жаңарту күні: 08 шілде 2026
Көру саны:4291
Азаматтарды қабылдау орталығы өз қызметін орталық мемлекеттік органдардың халықпен өзара іс-қимылы үшін орталықтандырылған алаң ретінде жүзеге асырады.
Азаматтарды қабылдау орталығында жайлы жағдайда:
- кез келген мемлекеттік органға өтініш беруге;
- түрлі ведомстволардың өкілдерінен кеңес алуға;
- орталық мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының және олардың орынбасарларының жеке қабылдауына жазылуға болады («е-Өтініш» АЖ арқылы жеке қабылдауға жазылу жөніндегі нұсқаулықты онлайн форматта: жүктеу).
Жұмыс кестесі: дүйсенбі-жұма, сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.
Сұрақтарды келесі телефон нөмірлері арқылы қоюға болады: 8 (7172) 75 34 19, 8 (7172) 75 34 35
Орналасқан жері: Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы,8 (Министрліктер үйі 16 кіреберіс)
Қоғамдық көлік: 10, 15, 35, 46, 70, 50, 52, 21, 51, 12, 28, 56, 40, 47, 19 .
Жеке көлікті тұраққа қою қаланың қоғамдық кеңістігі аумағында жүзеге асырылады.
Жарияланған күні
26 қаңтар 2024
Жаңарту күні
08 шілде 2026