Мемлекеттік қызметке іріктеу жүйесін, сондай-ақ мемлекеттік қызметтегі талант-менеджментті жетілдіру жөніндегі мемлекеттік саясатты әзірлеу және іске асыру
Мемлекеттік қызметті өткеру мәселесі бойынша бірыңғай мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру

Заңнаманы білуге және жеке қасиеттерін бағалауға тестілеуді Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мен оның аумақтық бөлімшелері жүргізеді.
Кандидат Агенттіктің өзіне ыңғайлы кез келген аумақтық бөлімшесінде заңнаманы білуіне тестілеуден және жеке қасиеттерін бағалаудан өтуге құқылы.
Тестілеуге жазылу "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы не "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына жүгіну арқылы жүргізіледі. Ол үшін өзіңізбен бірге жеке басыңызды куәландыратын құжат болуы қажет.
Мемлекеттік қызметке онлайн тестілеуді тапсыру рәсімі қарастырылмаған.
Агенттіктің 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының лауазымына орналасуға конкурсты өткiзу қағидаларының 2-тармағына сәйкес конкурсты «Б» корпусының бос және (немесе) уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымы бар мемлекеттік орган өткізеді.
Осылайша, мемлекеттік орган бос лауазымға конкурс жариялау туралы шешімді дербес қабылдайды.
Бүгінгі таңда жалпы конкурсты өткізу туралы хабарландырулар Агенттіктің интернет-ресурсында (gov.kz/memleket/entities/qyzmet) орналастырылғанын хабарлаймыз.
Еңбек кодексінің 63-бабына сәйкес еңбек тәртіптемесінің қағидаларын жұмыс беруші бекітеді.
Еңбек тәртіптемесінің қағидаларында жұмыскерлердің жұмыс уақыты мен тынығу уақыты, еңбек тәртібін қамтамасыз ету жағдайлары, еңбек қатынастарын реттеудің өзге де мәселелері белгіленеді.
Сондай ақ «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 32-бабымен мемлекеттік органдар бекітетін мемлекеттік қызметшілердің еңбек тәртіптемесі қағидалары жұмыс уақыты мен демалыс уақытының режимін белгілейді.
Осылайша мемлекеттік қызметкерлер тұрақты түрде онлайн, яғни қашықтықтан жұмыстеу мүмкүндігін мемлекеттік органның басшылығымен (жұмыс беруші) шешіледі және мемлекеттік органның еңбек тәртіптемесі қағидаларында көзделу мүмкін.