Мемлекеттік қызметке іріктеу жүйесін, сондай-ақ мемлекеттік қызметтегі талант-менеджментті жетілдіру жөніндегі мемлекеттік саясатты әзірлеу және іске асыру
- мемлекеттік қызмет саласындағы стратегиялар мен бағдармаларды әзірлеу және іске асыру;
- Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік әкiмшiлiк қызметшілерді, мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымдарға орналасуға кандидаттарды және құқық қорғау қызметіне кіретін азаматтарды тесттен өткізу тәртібін, бағдарламаларын және оның ұйымдастыруын әзірлеу;
- мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымға орналасуға арналған конкурстарды өткiзу тәртiбiн әзірлеу;
- алдын-ала тестілеу рәсімдерін өткен және шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар мемлекеттік қызметке орналасуға үміткер азаматтардың жеке қасиеттеріне бағалау жүргізу тәртібін айқындау;
- мемлекеттік әкімшілік лауазымдар санаттарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарын әзірлеу және бекіту;
- конкурстық негізде орналасатын құқық қорғау органдары лауазымдарының тізбесін, құқық қорғау органдарында конкурс пен тағылымдаманы өткiзу шарттарына және тәртібіне келісім беру;
- Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарына кандидаттың қойылатын біліктілік талаптарына сай келуі бөлігінде тағайындауына келісім беру;
- «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшісімен еңбек шартын жасау, ұзарту және бұзу тәртібін әзірлеу;
- мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізілімін әзірлеу және Қазақстан Республикасының Президентіне бекітуге ұсыну;
- мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу;
- азаматтардың жеке қасиеттеріне бағалауды оның тиісті қорытындысының нәтижесін бере отырып жүргізу;
- «Е-қызмет» ақпараттық жүйе базасында мемлекеттік қызметке іріктеу және қабылдау процесін цифрландыру әдіснамалық сүйемелдеу;
- өз құзыреті шеңберінде жекелеген мемлекеттік қызметшілердің сайлау процессін жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
- аудандақ (қалалық) сайлау комиссиясына мемлекеттік қызмет саласындағы заңнама талаптарына сәйкестігін тексеру үшін аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдігіне кандидаттарды ұсынатын құжаттар тізбесін әзірлеу және бекіту;
- мемлекеттік саяси және әкімшілік лауазымдарды айқындау және олардың аражігін ажырату критерийлеріне тәсілдерді әзірлеу;
- құқық қорғау қызметіне мемлекеттік лауазымдарының санаттарына біліктілік талаптарын әзірлеу және бекіту;
- жекелеген саяси лауазымдарға қойылатын біліктілік талаптарын әзірлеу;
- Президент жанындағы Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссиясының және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың кадр комиссияларының қызметін жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
- мемлекеттік қызмет саласында мемлекеттік саясатты әзірлеу және іске асыру;
- мемлекеттік қызмет саласында нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және қабылдау;
- Агенттік құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік қызметшілерге және азаматтарға кеңес беру;
- мемлекеттік қызмет саласында басқа мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау;
- белгіленген тәртіпте персоналды басқару қызметін (кадр қызметі) үйлестіру және әдіснамалық басшылық қызметін жүзеге асыру;
- Агенттік басшылығының тапсырмасы бойынша мемлекеттік қызметке іріктеу жүйесін жетілдіру саласындағы өзге де функцияларды жүзеге асыру;
- мемлекеттік қызметке кәсіби дайындалған және дарынды адамдарды тарту, тиімді пайдалану және сақтау тетігін әзірлеу;
- Агенттіктің Президент жастар кадрлық резервін таңдау жөніндегі қызметін, сондай-ақ кадрлар резервіне қатысушыларды ұйымдастырушылық қолдау;
- президенттік жастар кадр резервінде тұрған резервшілерді мансаптық ілгерілету жөніндегі, оларды жұмысқа орналастыру бойынша мониторингі, сондай-ақ таланттар пулына қатысушылар бойынша жұмысты үйлестіру;
- Президенттің жастар кадрлық резервінің резервшілері үшін, сондай-ақ кадрлар резервіне қатысушылар үшін, оның ішінде Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы және басқа да білім беру ұйымдары шеңберінде оқу-жаттығу науқанын қалыптастыру және өткізу;
- Президенттің жастар кадрлық резервінде тұрған, сондай-ақ кадрлық резервтің қатысушыларының оң нәтижелерін көрсету үшін ақпараттық жұмыстарды ұйымдастыру;
- Президенттің жастар кадрлық резервінде тұрған мемлекеттік органдардың, сондай-ақ кадрлық резервке қатысушылардың жұмысын үйлестіру;
- HR жобаларды іске асыру, мемлекеттік қызметтегі таланттарды дамыту және сақтау мақсатында білім мен тәжірибе алмасу үшін алаң құру;
- кандидаттың қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігі бөлігінде уәкілетті комиссияның шешімі бойынша конкурстан тыс тағайындау жөніндегі материалдарды қарау;
- «Үздік мемлекеттік қызметші» төсбелгісімен марапаттау бойынша мемлекеттік органдардың жұмысын үйлестіру, оның ішінде мемлекеттік органдар ұсынған құжаттарды өңдеу және ведомстволық наградалар бойынша комиссияның қарауына енгізу.
Мемлекеттік қызметті өткеру мәселесі бойынша бірыңғай мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру
- мемлекеттік қызмет саласындағы стратегиялар мен бағдармаларды әзірлеу және іске асыру;
- сынақ мерзімінен өтпеген мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді қызметтен шығаруға келісім беру;
- сынақ мерзімінен өтудің тәртібі мен шарттарын, тәлімгерлерді бекіту тәртібін әзірлеу;
- мемлекеттік әкімшілік қызметшінің лауазымдық нұсқаулығын әзірлеу мен бекіту тәртібін әзірлеу;
- персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) туралы үлгілік ережені бекіту;
- мемлекеттік әкімшілік қызметтің кадрлық іс қағаздарын жүргізу құжаттарының үлгілік нысандарын әзірлеу және бекіту;
- мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік органдарға, Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелеріне және өзге де ұйымдарға іссапарға баруы тәртібін әзірлеу;
- лауазымдық жалақы белгілеуге құқық беретін мемлекеттік қызметшілердің жұмыс өтілін есептеу тәртібін әзірлеу;
- «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшілерінің аттестциядан өту тәртібін әзірлеу және бекіту;
- сәйкестендіру карталарының сипаттамасын, оларды бекіту және пайдалану қағидаларын әзірлеу және бекіту;
- мемлекеттік қызметшінің жеке ісін жүргізу үшін қажетті құжаттар тізбесін әзірлеу және бекіту;
- мемлекеттік қызметшінің қызметтік тізімінің нысанын әзірлеу және бекіту;
- ротация жүргізу қағидалары мен мерзімдерін, ротацияға жататын мемлекеттiк қызметшілердің санаттары мен лауазымдарын әзірлеу;
- «Б» корпусының бос немесе уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына конкурс өткізбей ауысу тәртібімен орналасу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
- мемлекеттік органдардың мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін, оның ішінде шет елдерде даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру мәселелері жөніндегі қызметін үйлестіру;
- мемлекеттiк әкiмшілiк қызметшiлердi даярлау, қайта даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыру бойынша мемлекеттiк тапсырысты қалыптастыру мен орналастыруды үйлестiру;
- мемлекеттiк қызметшiлердiң мемлекеттік тапсырыс негізінде даярлау, қайта даярлау және бiлiктiлiгiн арттыру бағдарламалары бойынша оқуды аяқтаған адамдардың мемлекеттiк қызметті өткеру мониторингін жүзеге асыру;
- мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру мен қайта даярлау құнын есептеу әдістемесін бекіту;
- мемлекеттік қызметшілердің еңбекақы, әлеуметтік-құқықтық қорғау жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстар әзiрлеу;
- мемлекеттік әкімшілік қызметшілер тағылымдамасының тәртібін әзiрлеу;
- мемлекеттік органдардың мемлекеттік әкімшілік қызметшілер тағылымдамасының өткізуін ұйымдастыру бойынша қызметін үйлестіруді жүзеге асыру;
- «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің жұмысын бағалау әдістемесін әзірлеу;
- «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің жұмысын бағалау үлгілік әдістемесін әзірлеу;
- мемлекеттік саяси қызметшілердің қызметін бағалауды жүзеге асыратын уәкілетті тұлғалардың тізбесін әзірлеу;
- заңнамада белгіленген тәртіппен ғылыми-зерттеу, оқу, баспа қызметін үйлестіру;
- функционалдық блоктар бойынша лауазымдарды бөлуді келісу;
- мемлекеттік органдарда персоналды басқару бойынша мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалауды жүзеге асыру;
- мемлекеттік қызмет туралы Ұлттық баяндаманы қалыптастыру;
- мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілердің, сондай-ақ мемлекеттік қызметтің мемлекеттік саяси және әкімшілік лауазымдарының кадр құрамы жай-күйінің мониторингін жүргізу;
- мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілердің, сондай-ақ мемлекеттік қызметтің мемлекеттік саяси және әкімшілік лауазымдарының кадр құрамының жай-күйін талдау;
- мемлекеттік қызметтің кадр құрамы жай-күйіне мониторинг жүргізуге қатысты нормативтік құқықтық актілер әзірлеу және қабылдау;
- мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілердің, сондай-ақ мемлекеттік қызметтің мемлекеттік саяси және әкімшілік лауазымдарының кадр құрамы жай-күйінің мониторингін жүргізумен байланысты басқа да функцияларды іске асыру;
- мемлекеттік қызмет саласында мемлекеттік саясатты әзірлеу және іске асыру;
- мемлекеттік қызмет саласында нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және қабылдау;
- Агенттік құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік қызметшілерге және азаматтарға кеңес беру;
- мемлекеттік қызмет саласында басқа мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау;
- белгіленген тәртіпте персоналды басқару қызметін (кадр қызметі) үйлестіру және әдіснамалық басшылық қызметін жүзеге асыру.