«Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесі пошта индексі 050040, Алматы қ., Қонаев көшесі 132 үй, электрондық пошта spasr_alm@emer.kz, ақпарат үшін, кадр саясаты бөлімінің тел. 8 (727) 261-28-92, азаматтық қорғау органдарының бос қызмет орындарына конкурс жариялайды.
Лауазымдық міндеттері: Өрт орнына өрт сөндіру автомобилімен жеке құрамды жеткізу. Бекітілген техниканың сондай-ақ оларға орнатылған механизмдердің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету. Бөлім қарамағындағы өрт сөндіру автомобильдерінің барлық түрлерін әртүрлі жол және метеорологиялық жағдайларда басқара білу. Өрт сөндіру автомобильдеріне техникалық қызмет көрсетіп, жөндеу жұмыстарын жүргізе білуге міндетті.
Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар: Конкурсқа қатысушының жасы 35 жастан аспауы шарт. Білімі орта. В,С,С1, және одан да басқа санатты жүргізуші куәлігі бар. Қорғаныс министрлігінде әскери-оқу қоры дайындығы бойынша әскери қызмет пен әскери дайындық өткен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мерзімді әскери қызметке шақырудан босатылған немесе кейінге қалдырған азаматтар қабылданады.
Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар: Конкурсқа қатысушының жасы 35 жастан аспауы шарт. Білімі орта. Ер азматтар үшін Қорғаныс министрлігінде әскери-оқу қоры дайындығы бойынша әскери қызмет пен әскери дайындық өткен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мерзімді әскери қызметке шақырудан босатылған немесе кейінге қалдырған азаматтар қабылданады.
Жалпы: 14 бос лауазым қатардағы және кіші басшы құрам.
Конкурсқа қатысушылардың құжаттары қабылдау хабарландыру жарияланғанан сәттен бастап он жұмыс күні ішінде Алматы қаласы, Қонаев көшесі 132, мекен-жайында («Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесі кадр саясаты бөлімі) жергілікті сағатпен 09.00- ден бастап 18.30 дейін, демалыс күндері (сенбі, жексенбі) және Қазақстан Республикасының мерекелік күндерінен басқа күндері қабылданады.