«Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КеАҚ «8D072 «Өндірістік және өңдеу салалары» даярлау бағыты («8D07201 (6D070600) Геология және пайдалы қазба кен орнын барлау» және 8D07202 (6D070700) «Тау-кен ісі» білім беру бағдарламалары) бойынша Диссертациялық кеңесте, 8D07202 – «Тау-кен ісі» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Салкынов Арнат Турсынбекулының «Геологиялық бұзылу аймақтарында қалған қорларды игеру технологиясының геомеханикалық негіздемесі» тақырыбы бойынша докторлық диссертация қорғалады.