«Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КеАҚ (PhD) философия докторы дәрежесін алу үшін Адамова Гульден Хасеновна 8D07203 - «Металлургия» мамандығы бойынша «Құрамында бор бар материалдарды қолданумен төменкөміртекті феррохром өндіру технологиясы мен теориялық негіздерін әзірлеу» тақырыбында докторлық диссертациясының қорғауы өтеді.

Адамова Гульден Хасеновнаның докторлық диссертациясының қорғауы туралы хабарландыру

«Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КеАҚ (PhD) философия докторы дәрежесін алу үшін Адамова Гульден Хасеновна 8D07203 - «Металлургия» мамандығы бойынша «Құрамында бор бар материалдарды қолданумен төменкөміртекті феррохром өндіру технологиясы мен теориялық негіздерін әзірлеу» тақырыбында докторлық диссертациясының қорғауы өтеді.
Диссертациялық жұмыс «Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КЕАҚ «Металлургия және жаңа материалдар» кафедрасында және Ж. Әбішев атындағы Химия-металлургия институтының «Бор» зертханасы базасында орындалды.
Қорғау тілі – қазақ тілі.
Ресми рецензенттер:
1. Сұлтамұрат Гүлмира Изатуллақызы - техника ғылымдарының кандидаты, «С.Баишев атындағы Ақтөбелік университеті» КеАҚ «Өндірістік және өңдеуші салалар» кафедрасының басшысы, Ақтөбе қ., Қазақстан.
2. Жакупов Алибек Ныгматуллович - PhD, «Металлургия» кафедрасының қауымдастырылған профессоры КеАҚ «Торайғыров университеті», Павлодар қ., Қазақстан
Ғылыми кеңесшілер:
Султангазиев Руслан Бауыржанович - PhD, «Металлургия және жаңа материалдар» кафедрасының қауымдастырылған профессоры (доценті), Металлургия және машина жасау факультеті, КеЕАҚ «Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті», Қарағанды қ., Қазақстан.
Заякин Олег Вадимович - т.ғ.д., Ресей ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, Федералдық мемлекеттік бюджеттік ғылым мекемесі Ресей ғылым академиясы Урал бөлімшесінің академик Н.А. Ватолин атындағы Металлургия институтының (ИМЕТ УрО РАН) Болат және ферроқорытпалар зертханасының меңгерушісі. (Екатеринбург қ., Ресей Федерациясы).
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелерінің құрамы:
1. Жунусов Аблай Каиртасович - техника ғылымдарының кандидаты, профессор, «Металлургия» кафедрасының меңгерушісі КеАҚ «Торайғыров университеті», Павлодар қ., Қазақстан.
2. Калиакпаров Алтай Гиндуллинович – техника ғылымдарының докторы, пирометаллургия саласындағы сарапшы TOO «ERG R&D», Астана қ., Қазақстан.
3. Маткаримов Сохибжон Турдалаевич – техника ғылымдарының докторы, профессор, «Металлургия» кафедрасының профессоры И. Каримов атындағы Ташкент мемлекеттік техникалық университеті, Ташкент қ., Өзбекстан Республикасы.
Қорғау форматы аралас түрінде 2026 жылдың 28 тамыз күні, сағат 14.00-де, Қарағанды қ., Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 56/2, 2 корпус, 206 аудиторияда, «Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КеАҚ мекенжайы бойынша өткізіледі.
Диссертациялық кеңестің мекенжайы: 100027, Қарағанды қ., Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 56/2, 2 корпус – 223 ауд.
Сілтеме: https://us05web.zoom.us/j/8182063690?pwd=mJEPmW3AqO8ab3Ha8hHnytp4NxG93q.1&omn=88495570479#success
Конференция идентификаторы: 818 206 36 90
Кіру коды: 1953
Диссертация мазмұны бойынша бейресми пікірлерді қорғауда ұсыну үшін диссертациялық кеңестің ғылыми хатшысы Аринова Сания Қасқатаевнаға электрондық пошта арқылы жіберу қажет. E-mail: s.arinova@ktu.edu.kz

 

Дата публикации
19 июня 2026