Кейінбай Сымайылдың диссертациясының қорғауы туралы
хабарландыру
«Қазақстан-Британ техникалық университеті» АҚ жанындағы «6D074000 – Наноматериалдар және нанотехнологиялар» мамандығы бойынша дисертациялық кеңесте Кейінбай Сымайылдың философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін «Екі жақты кремнийлі күн батареяларын өндіруге арналған жұқа қабыршақты құрылымдарды қалыптастыру» тақырыбында диссертациясының қорғауы өтеді.
Диссертация «Қазақстан-Британ техникалық университеті» Акционерлік қоғамының материалтану және жасыл технология мектебінде орындалған.
Қорғау тілі – қазақ тілі.
Рецензенттер:
- Мұсабек Гауһар Қалижанқызы – философия докторы (PhD), қатты дене физикасы және жаңа материалдар технологиясы кафедрасының профессор-зерттеушісі, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (Алматы қ., Қазақстан);
- Омарова Гульден Сериковна – философия докторы (PhD), қауымдастырылған профессор, Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университетінің физика және нанотехнология кафедрасының меңгерушісі (Қарағанды қ., Қазақстан).
Диссертациялық кеңестің тұрақты мүшелері:
- Бейсенханов Нұржан Бейсенханұлы – физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, декан, Материалтану және жасыл технологиялар мектебі, Қазақстан-Британ техникалық университеті» АҚ (Алматы, Қазақстан);
- Айдарова Сәуле Байлярқызы – химия ғылымдарының докторы, профессор, «Бір жол, бір белдеу» ғылыми-зерттеу институтының директоры, Материалтану және жасыл технологиялар мектебі, Қазақстан-Британ техникалық университеті АҚ (Алматы, Қазақстан);
- Козловский Артем Леонидович – PhD, қауымдастырылған профессор, Ядролық физика институтының Астана қаласындағы филиалының қатты дене физикасы зертханасының меңгерушісі (Астана, Қазақстан);
- Әбдірахманов Асан Рамазанұлы – PhD, қауымдастырылған профессор, Материалтану және жасыл технологиялар мектебі, Қазақстан-Британ техникалық университеті АҚ (Алматы, Қазақстан);
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:
- Лесбаев Бахытжан Тастанович – химия ғылымдарының кандидаты, химиялық физика және материалтану кафедрасының профессоры, Химия және химиялық технология факультеті, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (Алматы қ., Қазақстан).
- Муратов Мухит Мухаметнурович – PhD, қауымдастырылған профессор, «Ашық типтегі ұлттық нанотехнологиялық зертханасы» ҒЗИ директоры, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (Алматы қ., Қазақстан);
- Усенов Ерболат Абуталипұлы – PhD, постдокторант, плазмалық физика зертханасы, Принстон университеті (Принстон қ., Нью‑Джерси штаты, АҚШ).
Ғылыми кеңесшілер:
- Нусупов Каир Хамзаевич – физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, Материалтану және жасыл технологиялар мектебі, Қазақстан-Британ техникалық университеті» АҚ (Алматы, Қазақстан);
- Бейсенханов Нуржан Бейсенханович – физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, декан, Материалтану және жасыл технологиялар мектебі, Қазақстан-Британ техникалық университеті» АҚ (Алматы, Қазақстан).
Шетелдік ғылыми кеңесші:
- Тысченко Ида Евгеньевна – физика‑математика ғылымдарының докторы, доцент, жетекші ғылыми қызметкер, нанодиагностика және нанолитография зертханасы, ФМБҒҰ “А.В. Ржанов атындағы Жартылай өткізгіштер физикасы институты” СБ Ресей ғылым академиясы (Новосибирск қ., РФ).
Қорғау 2026 жылы 20 тамыз күні сағат 16.00-де Қазақстан-Британ техникалық университетінің АҚ 8D07108 - "Наноматериалдар және нанотехнологиялар (қолдану салалары бойынша)" білім беру бағдарлама бойынша 8D071 "Инженерия және инженерлік іс" кадрларды даярлау бағыты бойынша диссертациялық кеңесінде өтеді.
Диссертациялық кеңес отырысы аралас (онлайн-оффлайн) форматта ҚБТУ бас ғимаратында, Әл-Фараби залында (Мекенжай: Алматы қаласы, Төле би көшесі, 59) және шетелдік ғалымдар үшін Microsoft Teams платформасында өтеді https://teams.microsoft.com/meet/49370219403260?p=erU2kj04YsjLedgN4i
Сайт: https://kbtu.edu.kz/ru/nauka/dissertatsionnyj-sovet/zashchita-phd-dissertatsij-nanomaterialy-i-nanotekhnologii-materialovedenie-i-tekhnologii-novykh-materialov
E-mail: a.abdirakhmanov@kbtu.kz