

Қылмыстық-атқару жүйесi жазаларды және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындау саласында басшылықты жүзеге асырады.
Функциялары:
Сотталғандардың кездесу құқығын іске асыру, сондай-ақ covid-19-ға уақытша шектеу шаралары кезеңінде оң әлеуметтік байланыстарды қолдау мақсатында, оның ішінде балаларға арналған ПТР тестілерін міндетті түрде ұсына отырып, үш жасқа дейінгі балалармен бір ересек адамға ғана ұзақ кездесулер беруге рұқсат етіледі.
Балалардың қысқа мерзімді кездесулерге қатысуына да тыйым салынбайды. Сонымен қатар, ПТР әдісімен COVID-19-ға зертханалық тексеру туралы құжаттарды ұсыну міндетті емес.
Бұдан басқа, жақын туыстармен және жеке істе көрсетілген өзге де адамдармен әлеуметтік байланыстарды қолдау үшін сотталғандарға олардың өтінімі бойынша бейнебайланыс арқылы 15 минуттық сөйлесулер беріледі. Сондай-ақ, қалауы бойынша жазасын өтеп жатқан адам ұзақтығы 2 сағаттан аспайтын қысқа мерзімді кездесуді бейнеқоңыраумен ауыстыруға құқылы.
Жазаның кейбір түрлерін өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босату, қысқаша ЖӨШТМББ – мәжбүрлеп түзетуді қажет етпейтіндерге мемлекет тарапынан осындай көтермелеу тәсілдерінің бірі.
Сотталған адам:
1) онша ауыр емес немесе ауырлығы орташа қылмыс үшiн тағайындалған жаза мерзiмiнiң кемiнде үштен бiрiн;
2) ауыр қылмыс үшiн тағайындалған жаза мерзiмiнiң кемiнде жартысын;
3) аса ауыр қылмыс үшiн тағайындалған жаза мерзiмiнiң кемiнде үштен екісiн;
3-1) егер бұрын қолданылған шартты түрде мерзімінен бұрын босатудың күші осы баптың жетінші бөлігінің 1) және 2) тармақтарында көзделген негіздер бойынша жойылған жағдайда, жазаның қалған өтелмеген мерзімінің кемінде үштен екісін;
4) егер бұрын қолданылған шартты түрде мерзімінен бұрын босатудың күші осы баптың жетінші бөлігінің 3) тармағында көзделген негіздер бойынша жойылған болса, жаза мерзімінің кемінде төрттен үшін іс жүзінде өтегеннен кейін;
5) сотталған адам процестік келісімнің барлық талаптарын орындаған жағдайда, ауыр қылмыс үшін тағайындалған жаза мерзімінің кемінде үштен бірін не аса ауыр қылмыс үшін тағайындалған жаза мерзімінің кемінде жартысын іс жүзінде өтегеннен кейін ғана шартты түрде мерзiмiнен бұрын босату қолданылуы мүмкін.
Шартты түрде мерзімінен бұрын босату қолданылмайды:
1) өлім жазасы түріндегі жаза кешірім жасау тәртібімен бас бостандығынан айыруға ауыстырылған;
2) адамдардың қаза табуына алып келген не аса ауыр қылмыс жасаумен ұштасқан террористік немесе экстремистік қылмыс үшін сотталған;
3) ауыр және аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстарды жүкті әйелдер, жас балалары бар әйелдер, жас балаларын жалғыз өзі тәрбиелеп отырған еркектер, елу сегіз жастағы және ол жастан асқан әйелдер, алпыс үш жастағы және ол жастан асқан еркектер, бірінші немесе екінші топтағы мүгедектер жасаған жағдайларды; ынтымақтастық туралы процестік келісімнің барлық талаптарын орындаған сотталғандарды қоспағанда, ауыр және аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыс үшін сотталған;
4) кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмысты кәмелетке толмаған адам он төрттен он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмаған адамға қатысты жасаған жағдайды қоспағанда, осындай қылмыс үшін сотталған адамдарға қолданылмайды.
ЖНЖТ (Жазаның неғұрлым жеңіл түрі) – бұл бас бостандығынан айыруды бас бостандығын шектеу немесе айыппұл түрінде жазаның неғұрлым жеңіл түрімен ауыстыру. Сотталған адам нақты өтегеннен кейін оның өтінішхаты бойынша қолданылады:
- онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыс жасағаны үшін жаза мерзімінің 1/4 кем емес;
- ауыр қылмыстар үшін жаза мерзімінің 1/3 кем емес; шартты түрде мерзімінен бұрын босату дан айырмашылығы, жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңілге ауыстырған кезде ауыр қылмыс жасаған адам қаралмайды.
* Сотталған адамның өтінішхатына оның жеке басын, мінез-құлқын, жазасын өтеу кезіндегі еңбек пен оқуға көзқарасын сипаттайтын деректер қоса беріледі. ЖНЖТ төмендегі санаттағы сотталғандарға қолданылмайды:⠀
- аса ауыр қылмыстар үшін;⠀
- кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмысы үшін;⠀
- адамдардың өліміне әкеп соққан не аса ауыр қылмыс жасаумен ұштасқан террористік немесе экстремистік қылмыс үшін;⠀
- қылмыстық топтың құрамында жасалған қылмыс үшін.
Пробациялық бақылауды уәкілетті мемлекеттік орган жүзеге асырады және сот шешімі бойынша сотталғандардың міндеттерін орындауына жауап береді:
- сотталғанның мінез-құлқын бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органға хабарламай тұрақты тұратын, жұмыс істейтін, оқитын жерін өзгертпеу;⠀
- белгілі бір орындарға бармауға;
- емдеу курсынан өту;⠀
- отбасына материалдық қолдау көрсету;
- сотталғанды түзетуге ықпал ететін басқа да міндеттер.
ЖНЖТ қолдану соттың ерекше құзыретіне жатады.
Сотталғанды бір мекемеден дәл сондай басқа мекемеге ауыстыру әлеуметтік пайдалы байланыстарды сақтау мақсатында жүзеге асырылады.
Сотталғанмен туыстық қатынасты растайтын құжаттардың көшірмелерін ұсынау қажет, сондай-ақ сотталғанды ауыстыру жоспарланып отырған облыста тұрақты тіркеуі (6 айдан кем емес) мен нақты тұрғылықты жері болуы тиіс.
Өтініш қанағаттандырылды және сотталғанды ауыстыру туралы тиісті нұсқау мекемелерге жіберілді.
Алайда, қазіргі уақытта мекемеде бос орынның болмауына байланысты сотталғанды ауыстырға кезекке қою жүзеге асырылды.
Кезекке енгізілген сотталғандар мекемеде бос орын пайда болған жағдайда кезекпен ауысатын болады.