
Алдын ала есептеулер бойынша 13 546 сотталған адамға рақымшылық жасалады, оның ішінде:
- 2 236 түзеу мекемелерінде ұсталатын сотталғандар;
- 11 310 пробация қызметінің есебінде тұрғандар.
Бас бостандығынан айыру орындарынан барлығы 942 сотталған босатылады, оның ішінде:
- 385 – «әлеуметтік санатқа» жататын, сондай-ақ залалы жоқ онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстар үшін;
- 557 – жазаны өтеу мерзімі соңына дейін 1 жылдан кем уақыт қалған теріс мінез-құлық дәрежесі жоқ сотталғандар.
Сондай-ақ, залалын өтеген «әлеуметтік санаттағы» 1294 сотталғанның жазасының өтелмеген бөлігі қысқартылады.
Сот жаза мерзімін қысқартқаннан кейін, 1035 сотталған босатылуға жатады, оның ішінде:
- 379 – мерзім соңында;
- 656 – Шартты түрде мерзімінен бұрын босату және жеңіл жазаға ауыстырудың формальді мерзімдері келген.
Сонымен қатар, сотқа дейінгі тергеп-тексеру органдары мен соттардың өндірісіндегі 5 мың қылмыстық іс бойынша (оның ішінде 167-сі күзетпен ұсталады) қылмыстық жауаптылықтан және жазаны қысқартудан босату күтілуде.