
Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шеңберінде Ұлттық экономика министрлігімен ІІМ пенитенциарлық жүйесінің инфрақұрылымын жаңғырту бойынша Жол картасы іске асырылуда.
Жол картасы барлық халықаралық стандарттарға сай келетін 20 жаңа мекеме салуды көздейді.
Бастапқы кезеңде 2021 жылдан 2024 жылға дейін Алматы, Ақтөбе және Түркістан облыстарында 3 жаңа заманауи мекеме салу жоспарланған.
2024 жылдан 2029 жылға дейін қалған 17 мекеме салынады.
2022 жылғы 1 шілдеден бастап – тергеу изоляторларының, 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап – барлық мекемелердің медициналық қызметтері берілетін болады.
Барлығы 1557 бірлік медицина қызметкері берілетін болады. ҚАЖ мекемелерінде ведомстволық санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды қамтамасыз ету мақсатында штат саны 51 бірлік санитарлық дәрігерлер берілмейді.