ҚР ІІМ логотипі

Меню

Страницы

Статья

Жазалардың орындалуын ізгілендіру

ІІО жаңғырту және қылмыстық-атқару жүйесін дамыту жөніндегі жол карталарын іске асыру инфрақұрылымды жақсарту және жаңа технологияларды енгізу, өндірістік қызметті дамыту, кейбір функциялардың ведомстволық тиістілігін оңтайландыру, пробация қызметін дамыту жөніндегі іс-шараларды көздейді.

Бүгінгі күні тұрғылықты жері бойынша ауыстыру үшін оң мінез-құлық дәрежесінің болуы туралы талап алынып тасталды, сәлемдеменің салмағы  14-тен 20 килограмға дейін ұлғайтылды, дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдар сәлемдемелер мен сауқаттар санына қосылмайды, бейнекездесулер енгізілді, ал телефон арқылы сөйлесу сағат 19.00-ден 21.00-ге дейін ұзартылды.

Бұдан басқа, сотталған адамды ауруы бойынша босату туралы ұсынымдарды қарау мерзімдері төмендетілді (1 айдан 10 күнге дейін), сотталғандарға электрондық құжат түрінде өтініштер жіберу құқығы берілді, қауіпсіздігі барынша төмен мекемеде сотталғандар үшін рұқсат етілген заттардың тізбесі кеңейтілді, кездесулер саны ұлғайтылды.

Өткен жылдың қаңтар айында қылмыстық, қылмыстық-процестік заңнамаларға 3 кодекске 15 түзету және 3 ведомстволық нормативтік құқықтық актіге 14 түзету енгізілді.

Президенттің «Адам құқықтары саласындағы одан әрі шаралар туралы» Жарлығына сәйкес Бірінші кезектегі шаралардың тиісті жоспары іске асырылуда. Бұл жоспарда қылмыстық-атқару жүйесін жетілдіруге және ҚАЖ мекемелерінде ұсталатын адамдардың құқықтық жағдайын жақсартуға бағытталған бірқатар маңызды және өзекті шаралар көзделген.

Бұл заңнамалық бастамаларды қылмыстық және қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру жөніндегі заң жобасы шеңберінде іске асыру жоспарланып отыр.

Дата публикации
10 ноября 2021
Дата обновления
10 ноября 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
28 апреля 2026
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 2024 жылғы 2 қыркүйек
Пайдалы ақпарат
28 апреля 2026
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 2025 жылғы 8 қыркүйек
22 июля 2025
Өмірлік жағдайлар

Социальные медиа

Instagram
Twitter
Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы