Барлық материал
- 25 қаңтар 2021АқпаратСәлеметсіздер ме, менің есімім Николай, жасым 61-де, яғни зейнеталды жастағы адаммын. Жақында жұмыста сөгіс алдым және бастығыммен дауыс көтеруге дейін барған кикілжің орын алды. Ол маған жұмыстан босатып қана қоймай, зейнетақы шотыма салынған қаражатымды да шешіп алатыны туралы айтып, қорқытпақшы болды. Менің зейнетақы жинағымның жай-күйі туралы үзінді көшірмені менен басқа кім көре алады, түсіндіріп беріңізші!?
- 25 қаңтар 2021АқпаратСәлеметсіз бе, біз қала үлгісіндегі шағын кентте тұрамыз. Бұрын әкем жеке шотынан үзінді көшірме алу үшін БЖЗҚ филиалына өзі баратын. Қазір біздің елде ғана емес, бүкіл әлемде қалыптасқан жағдайға байланысты ол кісі сіздердің бөлімшелеріңізге бара алмайды. Зейнетақы шотына аударылған түсімдерді үйден шықпай-ақ қалай бақылап отыруға болады?
- 25 қаңтар 2021АқпаратАнам 54 жаста, ол ресми түрде жұмыс істемейді, тек өзі тіккен бұйымдарын сатумен айналысады. Біз, балалары, ол кісіге ақша жағынан көмегімізді беріп отырамыз, бірақ анам еңбек өтілінің өте аз болғаны үшін алаңдайды. Болашақта базалық зейнетақы мен БЖЗҚ-дан берілетін төлемдерді алу үшін ол кісіге зейнетке шыққанға дейін еңбек өтілін қалай көбейтуге болады? БЖТ төлеу жеткілікті ме?
- 22 қаңтар 2021Ақпарат«ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет мәселелері»