Акимат района Тереңкөл

Меню

Страницы

Статья

Аз уақыт бұрын әжеміз өмірден озды. Жерлеу рәсімін өткізгеннен кейін біздің есімізге БЖЗҚ-да әжемнің зейнетақы шоты бар екені түсті. Ол кісінің шотында қалған қаражаты туралы үзінді көшірмені қалай алсақ болады? Мен немересімін.

Салымшы немесе алушы қайтыс болған жағдайда жеке зейнетақы шотының болуы, ондағы ақша қалдығы мен қозғалысы туралы анықтамалар заң немесе өсиетте көрсетілген мұраға құқық туралы куәлікке сәйкес мұрагер болып табылатын тұлғаларға немесе соттарға олардың өндірісіндегі мұрагерлік істер бойынша ұйғарым негізінде жазбаша сұраныс бойынша берілетіндігін ескерткіміз келеді. Бұдан бөлек, жеке зейнетақы шотының болуы, ондағы ақша қалдықтары және қозғалысы туралы анықтамалар, салымшы немесе алушы қайтыс болған жағдайда, нотариустарға және шетелдік консулдық мекемелерге олардың жүргізуіндегі мұрагерлік істер бойынша беріледі.
Сонымен қатар алушы, сондай-ақ БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар, зейнеткерлік жасқа толмаған адам қайтыс болған жағдайда, оның отбасына не жерлеуді жүзеге асырған адамға тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген 52,4 еселенген айлық есептік көрсеткіш, бірақ жеке зейнетақы шотындағы қаражаттан аспайтын мөлшердегі жерлеуге берілетін біржолғы төлем жүзеге асырылады. Егер жерлеуге берілетін біржолғы төлем жүзеге асырылғаннан кейін алушының жеке зейнетақы шотындағы зейнетақы жинақтарының қалдығы тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төменгі зейнетақы мөлшерінен аспайтын соманы құрайтын болса, бұл қалдық жерлеуге арналған төлем ретінде төленеді.
Зейнетақы жинақтары өсиет немесе заң бойынша мұраға қалдырылады. Өсиет мүлде болмаған не ол мұраның тағдырын толық айқындай алмайтын, сондай-ақ азаматтық заңнамада белгіленген өзге де жағдайларда заң бойынша мұрагерлік ресімделеді.
Айта кету керек, Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 6-бөліміне (мұрагерлік құқық) сәйкес мұраны қабылдау мұра ашылған жердегi нотариусқа немесе заңға сәйкес мұра алу құқығы туралы куәлiктi беруге уәкiлеттi лауазымды адамға мұрагердiң мұраны қабылдау туралы өтiнiшiн не мұрагердiң мұраға құқық туралы куәлiк беру туралы өтiнiшiн беру арқылы жүзеге асырылады. Мұра мұраның ашылу күнінен бастап алты ай ішінде, яғни мұра қалдырушы қайтыс болған күннен бастап алты ай ішінде қабылдануы мүмкін.
Қажетті құжаттардың тізбесі беру тәсіліне қарай БЖЗҚ-ның https://www.enpf.kz/ru/services/recipient/heir.php сайтында орналастырылған.
«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы
БАҚ үшін байланыстар: press@enpf.kz

Дата публикации
25 января 2021
Дата обновления
25 января 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

21 октября 2026
Aудиopоликтep
21 октября 2026
Видеороликтер
Ақпарат
19 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы