Акимат района Тереңкөл

Меню

Страницы

Статья

Сәлеметсіз бе, біз қала үлгісіндегі шағын кентте тұрамыз. Бұрын әкем жеке шотынан үзінді көшірме алу үшін БЖЗҚ филиалына өзі баратын. Қазір біздің елде ғана емес, бүкіл әлемде қалыптасқан жағдайға байланысты ол кісі сіздердің бөлімшелеріңізге бара алмайды. Зейнетақы шотына аударылған түсімдерді үйден шықпай-ақ қалай бақылап отыруға болады?

Сіз БЖЗҚ-дағы жеке зейнетақы шотыңыздағы қаражат қозғалысын үйден шықпай-ақ, өзіңізге ең ыңғайлы әдісті таңдап, оп-оңай қадағалай аласыз. Үзінді көшірме алудың ең жылдам жолы – электрондық тәсіл. Үзінді көшірмені enpf.kz сайтындағы жеке кабинет немесе egov.kz. электрондық үкімет порталы арқылы алуға болады. Оған кіру үшін сайтқа тіркеліп, өз деректеріңіз бен пароліңізді енгізу немесе электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) пайдалану жеткілікті. ЭЦҚ-ны egov.kz порталынан онлайн алу мүмкіндігі де жасалған.
Сіз смартфондар мен планшеттерге арналған жаңартылған ұялы қосымшаны да пайдалансаңыз болады. Ұялы қосымшаға тіркелу үшін пайдаланушы ұялы телефонына смс-хабарламамен жіберілетін біржолғы парольді қолданады. Ұялы қосымшада авторланудың екі түрлі тәсілі бар: ЖСН мен парольді енгізу немесе электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалану. Сондай-ақ пайдаланушы ұялы құрылғысында бар болса, Android үшін Touch ID және IOS үшін Face ID мен IOS арқылы кіре алады.
БЖЗҚ сайты мен ұялы қосымшада Сіз жеке зейнетақы шотыңыздан үзінді көшірме ғана алып қоймай, сонымен қатар зейнетақы активтері бойынша ағымдағы көрсеткіштермен танысып, «БЖЗҚ» АҚ-ның барлық филиалдары мен қызмет көрсету орталықтарының соңғы жаңалықтарын, мекенжайлары мен байланыстарын көре аласыз, болжамды зейнетақы калькуляторының көмегімен болашақ зейнетақыңызды есептеп, ең жиі қойылатын сұрақтарға жауап беретін онлайн-ботқа сұрақ қою және тағы басқа көптеген мүмкіндіктерге қол жеткізе аласыз.
«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы
БАҚ үшін байланыстар: press@enpf.kz

Дата публикации
25 января 2021
Дата обновления
25 января 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

21 октября 2026
Aудиopоликтep
21 октября 2026
Видеороликтер
Ақпарат
19 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы