Тұтынушылардың құқықтарын қорғау Комитетінің сайты
Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 17 маусымдағы № 17 Жарлығымен Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігіне тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі функциялар мен өкілеттіктер берілді. Осы Жарлықты іске асыру үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 10 шілдедегі № 497 қаулысымен тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті құрылды.
Комитеттің негізгі миссиясы тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы тұтас және тиімді саясатты қалыптастыру болып табылады (Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің міндетін атқарушының 2019 жылғы 25 шілдедегі № 7 бұйрығымен бекітілген Комитет және оның аумақтық бөлімшелері туралы ереже).
Комитет алдында екі негізгі міндет анықталды:
1)тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету бойынша Мемлекеттік органдардың қызметін сала аралық үйлестіруді жүзеге асыру;
2)тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету.
Комитеттің өңірлерде 17 аумақтық департаменттері бар, штат саны 64 бірлік (17 бірлік-орталық аппарат, 47 бірлік-аумақтық департаменттер).
https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-kzpp/projects/details/1618?lang=kk
Тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы шағымдарды қабылдаудың бірыңғай ақпараттық жүйесін құру қажеттілігі оның әлеуметтік рөліне байланысты, өйткені тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың барлық шараларын бір жерде шоғырландыру тұтынушының оны тиімді қорғауға байланысты кез келген ақпаратқа тез және кедергісіз қол жеткізуін қамтамасыз етеді.
Осыған байланысты БАЖ-да дау нысанасына, заңды мүдделер өкілдерінің тізбелеріне (тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктері, қауымдастықтар (одақтар), адвокаттар, заң консультанттары) және тұтыну дауларын сотқа дейін реттеу субъектілеріне (төрелік, медиация, тұтынушылардың қоғамдық бірлестігі, қауымдастықтар (одақтар) және ӨРҰ) байланысты шағымдардың бірқатар үлгілік нысандарын орналастыруды көздеу ұсынылады. Сондай-ақ БАЖ-да барлық мо тізбесі және тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы оларды реттеу саласы көрсетілетін болады
Бұл жүйенің негізгі айырмашылықтары үкіметтік емес ұйымдарды (сотқа дейінгі реттеу субъектілерін, тұтынушылардың заңды мүдделерінің өкілдерін) және бизнесті олар тұтынушылармен туындаған шешілетін жанжалдарды қадағалау үшін БАЖ-ға қосу; статистиканы: салалар бөлінісінде, даудың мәні бойынша, дауларды қарайтын субъектілер бойынша қалыптастыру; үкіметтік емес ұйымдардың, сондай-ақ мемлекеттік органдардың қызметін мониторингтеу және бағалау болады.
Бизнесті осы жүйеге тарту кәсіпкерлерге тұтынушылық шағымдар мәселесін өз бетінше немесе сотқа дейінгі реттеу институтын пайдалану арқылы шешуге мүмкіндік береді, бұл тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсарту, өндірісті жаңғырту және жетілдіру, сотта дауларды шешуге жұмсалатын шығындарды азайту арқылы бизнестің іскерлік беделін сақтауға алып келеді.
17 МО, көптеген қоғамдық бірлестіктерді, медиаторларды, төреліктерді, ӨРҰ-ны және бизнес субъектілерін қосу жоспарлануда.
2018 және 2019 жылдары тұтынушылардан 30-40 мың шағым түскенін ескере отырып, осы жүйеге үкіметтік емес ұйымдар мен бизнес субъектілерін қосқан кезде өтініштер саны артады.
Автоматтандырудан күтілетін нәтижелер
Тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың барлық шараларын бір жерге шоғырландыру шағымдарды дайындау және оны құзыретті органдарға жіберу рәсімін жеңілдетуге мүмкіндік береді.
Шағымдарды қарау нәтижелері статистика мен талдауды қалыптастыру үшін БАЖ-ға қайтарылады.
Осылайша, БАЖ-ға келіп түсетін ақпарат базасында уәкілетті орган:
- салалар, даудың мәні, қарау субъектілері және т. б. бойынша статистиканы қалыптастыру.;
- тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласында мемлекеттік органдар мен тұтынушылардың құқықтарын қорғау институттарының және олардың өкілдерінің қызметіне мониторинг және бағалау жүргізу;
- кәсіпкерлік қызметке мемлекеттік органдар белгілейтін талаптарды тұтынушылардың бұзылған құқықтарының тәуекел деңгейіне бағалауды жүргізу.
Тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы шағымдарды талдау жыл сайын тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық кеңестің қарауына шығарылатын болады.