Құрылым
«Қазақстандық стандарттау және метрология институты» РМК

«Қазақстандық стандарттау және метрология институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорны «Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің қарамағындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 2 қазандағы No 639 қаулысына сәйкес құрылды.
KazStandard техникалық реттеу саласындағы өндірістік-экономикалық қызметті өлшеу бірлігін және стандарттау саласын қамтамасыз ете отырып жүзеге асырады.
Кәсіпорын өлшем бірлігін және стандарттау саласында техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысады, сонымен қатар стандарттау және өлшем бірлігін қамтамасыз ету бойынша жұмысты үйлестіреді.
Тел.: +7 (7172) 79 59 00
e-mail: info@ksm.kz
«Ұлттық аккредиттеу орталығы» РМК

Ұлттық аккредиттеу орталығы туралы
Ұлттық аккредиттеу орталығы (ҰАО) - Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған сәйкестікті бағалау саласындағы жалғыз ұлттық аккредиттеу органы («Ұлттық аккредиттеу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнын құру туралы» ҚР Үкіметінің 2021 жылғы 28 маусымдағы № 439 қаулысы).
ҰАО өз қызметін:
1) «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына.
2) ИСО/МЭК 17011 «Сәйкестікті бағалау жөніндегі органдарды бағалауды және аккредиттеуді жүзеге асыратын органдар. Негізгі талаптар».
3) ҚР сәйкестікті бағалауды аккредиттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілерімен, сондай-ақ аккредиттеу жөніндегі халықаралық ұйымдардың талаптарымен.
Тел.: 8 (7172) 98 37 01
Email: info@nca.kz
«QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ

«QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ Сауда саясатын дамыту, сондай-ақ Қазақстанның ДСҰ-ға мүшелігі, Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде жұмыс істеу және Қазақстан Республикасының Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымымен ынтымақтастығы және өзара іс-қимылы мәселелерінде мамандандырылған талдау ұйымы болып табылады.
Байланыс телефоны (7172) 76-88-05, 76-88-24
Факс (7172) 76-88-04
Веб-сайт https://export.gov.kz/