«Ұлттық аккредиттеу орталығы» РМК

Аккредиттеу жөніндегі Орган:
1) құқылы:
- аккредиттеу, сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудиторларды, өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы техникалық сарапшыларды, техникалық сарапшыларды және басқа да мамандарды аккредиттеу жөніндегі жұмыстарды жүргізуге қатысуға тарту;
- аккредиттеу жөніндегі халықаралық (өңірлік) мемлекеттік емес және үкіметтік емес ұйымдардың жұмысына қатысу;
- өлшеу құралдарын салыстырып тексеру және калибрлеу нәтижелерін салыстырмалы сынауды және салыстыруды ұйымдастыру;
- инспекциялық тексеру жүргізуге; аккредиттеу субъектілерінің қызметіне аккредиттеу өлшемдеріне сәйкестігі мәніне мониторинг жүргізуге;
- аккредиттеу жөніндегі сарапшы-аудиторларды аттестаттауды жүргізу;
2) міндетті:
- Аккредиттеу аттестатының, аккредиттеу аттестаттарына қосымшалардың, аккредиттеу белгісінің нысандарын белгілеу;
- Аккредиттеу кезеңдерін және оларды орындау мерзімдерін, сондай-ақ инспекциялық тексеру, оның ішінде кезектен тыс тексеру жүргізу мерзімдерін қоса алғанда, белгіленген тәртіпті сақтай отырып, аккредиттеу жөніндегі жұмыстарды жүргізу;
- Аккредиттеу жөніндегі жұмыстарды жүргізу кезінде белгілі болған коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтердің жария етілуіне жол бермеуге;
- Аккредиттеу субъектілерінің тізілімін жүргізу;
- Интернет-ресурс жүргізу, онда аккредиттеу субъектілерінің тізілімін ресми жариялау және сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді орналастыру;
- Аккредиттеу субъектілерінің шағымдарын қарау және олар бойынша шешімдер қабылдау, қабылданған шешімдер туралы ақпаратты интернет-ресурста орналастыру;
- Аккредиттеу аттестаты кері қайтарып алынған немесе аккредиттеуден кейінгі шарт тоқтатылған жағдайда үш жұмыс күні ішінде бұл туралы уәкілетті органды жазбаша хабардар етуге міндетті.;
- аккредиттеу аттестатын қайта ресімдеу, аккредиттеу материалдарын өзектендіру туралы өтінімдерді қарау;
- осы Заңда көзделген негіздер бойынша және тәртіппен аккредиттеу аттестатын кері қайтарып алуға, қайтаруға және аккредиттеу аттестатының күшін жою туралы өтінішпен сотқа жүгінуге құқылы.
Тел.: 8 (7172) 98 37 01
Email: info@nca.kz

Хамитов Искандер Вячеславович
«Ұлттық аккредиттеу орталығы» РМК Бас директоры
Жалпы ақпарат, білім
2005 жылы С. Сейфуллин ат. Ақмола аграрлық университетін «Ауыл шаруашылығы өнімдерін стандарттау және сертификаттау» мамандығы бойынша аяқтаған, біліктілігі – ауыл шаруашылығы өнімдерінің сапасы бойынша сарапшы-аудитор.
2017 жылы М. Дулатов ат. Қостанай инженерлік-экономикалық университетінде «Қаржы» мамандығы бойынша, экономика және бизнес бакалавры мамандығын алды.
Еңбек жолы
Еңбек қызметін 2006 жылы «Акмола-Бетон» ЖШС-да зертханашы болып бастады.
Сол жылы «ҚазСтИн» РМК-ға жұмысқа кірісті.
2006 – 2007 жж. – «ҚазСтИн» РМК маман, жетекші маман;
2007 – 2013 жж. – «ҚазСтИн» РМК бас маман;
2013 – 2014 жж. – «ҚазСтИн» РМК бөлім бастығы;
2014 – 2016 жж. – «ҚазСтИн» РМК басқарма бастығы;
2016 – 2017 жж. – «ҚазСтИн» РМК Мемлекетаралық және ұлттық стандарттау орталығының бастығы;
2017 - 2020 жж. – «ҚазСтИн» РМК бас директорының орынбасары;
2020 - 2021 жж. – «Атамекен» ҰКП аппараты басшысының орынбасары;
2022 - 2023 жж. – Москва қ. Еуразиялық экономикалық комиссияның Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі алқа мүшесі (Министр) хатшылығының кеңесшісі;
11.2023-12.2023 жж. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің «Ұлттық аккредиттеу орталығы» РМК бас директорының орынбасары;
2023-2024 жж. – Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің «Қазақстан стандарттау және метрология институты» РМК бас директорының орынбасары;
06.11.2024 жылдан бастап - Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің «Ұлттық аккредиттеу орталығы» РМК бас директоры.
Наградалары: Қазақстан Республикасы Конституциясының 25 жылдығына арналған мерейтойлық медаль, Мемлекетаралық стандарттау, сертификаттау және метрология жөніндегі кеңестің Құрмет белгісі, Мемлекетаралық стандарттау, сертификаттау және метрология жөніндегі кеңестің 25 жылдығына арналған медаль, бірқатар Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттар, «Құрметті стандарттаушы» құрметті атағының иегері.