«QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ

«QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ Сауда саясатын дамыту, сондай-ақ Қазақстанның ДСҰ-ға мүшелігі, Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде жұмыс істеу және Қазақстан Республикасының Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымымен ынтымақтастық және өзара іс-қимыл мәселелерінде мамандандырылған талдау ұйымы болып табылады.
Сауда саясатын дамыту орталығы «Cауда саясатын дамыту орталығы» акционерлік қоғамын құрудың кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 30 маусымдағы № 616 қаулысымен құрылды.
Байланыс телефоны (7172) 76-88-05, 76-88-24
Факс (7172) 76-88-04
e-mail zh.Osserbay@qaztrade.org.kz
Веб-сайт https://export.gov.kz/

Айтмухамед Алдажаров
«QazTrade»сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ-ның Бас директоры
Білім:
Қазақ мемлекеттік басқару академиясын (инженер-экономист), Халықаралық бизнес академиясын (IAB) (Іскерлік әкімшілік магистрі) бітірген.
Еңбек жолы :
1994 жылы «Тұран Әлем Банкі» ЖАҚ бас бухгалтері болып еңбек еткен.
Квазимемлекеттік сектор компанияларында басшылық қызметте болған.
2014 жылдан 2020 жылға дейін «АстанаЭнергоСбыт», «Интергаз Орталық Азия» АҚ, «ҚазМұнайГаз - Сервис» ЖШС, «ЕмбаМұнайГаз» АҚ, «ӨзенМұнайГаз» АҚ, «ҰК» АҚ-ның мүшесі және басқару органдарының басшысы болды «Шымкент» ӘКК, «Түркістан» ӘКК, «Орал халықаралық әуежайы» ЖШС.
2022 жылдан 2024 жылға дейін «QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі - Тәуелсіз директоры болды.
Тағайындалғанға дейін «QazExportPromotion» корпоративтік қорының бас директоры қызметін атқарды