Комитет төрағасы БАҚ қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады

Бүгін елімізде бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің кәсіби мерекесі күні.
Ақпарат тарату, жеткізу қай кезеңде де қоғам өмірінде айрықша орын алған болса, бүгінгі жаһандану дәуірінде оның маңыздылығы бірнеше есе арта түсті.
Бұқаралық ақпарат құралдарының қызметтері- бұл шығармашылық жұмыс қана емес, бұл – қоғамға өзекті, шынайы ақпарат жеткізу бойынша жауапты миссия.
Осыған орай бүгін Комитетте бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері күніне арналған салтанатты жиын өтті.
Іс-шараға Комитет төрағасы А.Тынысбеков пен бұқаралық ақпарат құралдарында тұтынушылардың құқықтық сауатын арттыруға септігін тигізетін мәселелерді көтеретін журналистер мен сала қызметкерлері қатысты.
Комитет тарапынан тұтынушыларды ақпараттандыру, құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатындағы іс-шаралар медиа-жоспар негізінде жүйелі түрде жүргізіліп келеді.
Көптеген мақалалар мен телевизиялық жобалар тұтынушылардың құқықтарын қорғау қызметінің бұқаралық сипатын арттырып, ауқымын ұлғайтуға зор мүмкіндік жасады.
Осы орайда мемлекеттік органдар мен журналистердің ортасында дәнекерші болып жүрген баспасөз қызметіндегі еңбектеріңізді атап өткім келеді.
Сіздерге еселі еңбектеріңіз үшін үлкен алғысымды білдіре отырып, мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық, шығармашылық табыстар мен шалқар шабыт тілеймін!,-деді Төраға құттықтауында.
Іс-шара соңында бұқаралық ақпарат құралдарында белсенді түрде Тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелерін үздіксіз көтеріп, кеңінен насихаттап жүрген келесідегідей тізімдегі БАҚ қызметкерлері Комитет төрағасының Алғыс хатымен мараппаталды:
Әбілдинова Әселім Қалкенқызы - ҚР Сауда және интеграция Министрінің кеңесшісі, журналист;
Ибраева Бота Жеңісқызы- Zakon.kz порталының өңірлік желілерінің шеф-редакторы;
Железнов Евгений Викторович - Тұтынушылардың ақпарат порталының редакторы;
Исламова Гүлнұр Нұржауқызы - «Атамекен бизнес» телеканалының продюсері;
Нақтыбай Есімжан - Қазақпарат халықаралық ақпарат агенттігінің тілшісі;
Балқарбай Балғын Мақсатқызы - Хабар телеарнасының «Оян!»бағдарламасының тележүргізушісі ;
Жалғасбекұлы Шернияз - 24kz_tv журналисті;
Зачиналова Полина Леонидовна - 24kz_tv журналисті;
Альмуханова Айнур Мақсұтқанқызы - ҚР СИМ жұртшылықпен байланыс басқармасының басшысы м.а;
Қадыр Іңкәр Ержанқызы - ҚР СИМ жұртшылықпен байланыс басқармасының менеджері.
.