Жиі қойылатын сұрақтар
ҚР «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заңының 41-бабына сәйкес, тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктері, қауымдастықтар (одақтар): - уәкілетті органға және өзге де мемлекеттік органдарға Қазақстан Республикасының Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізуге; - тұтынушылардың құқықтарын бұзу фактісін қарауға жәрдемдесу мақсатында мемлекеттік органдарға жүгіну; - өтініштерді, шағымдарды қабылдауды жүзеге асыруға; - Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған тәртіппен мемлекеттік органдарда, сондай-ақ өзге де қоғамдық бірлестіктерде тұтынушылардың мүдделерін білдіруге; - тұтынушылардың мүдделеріне, оның ішінде тұтынушылардың айқындалмаған тобының мүдделеріне орай сотқа талап-арыз беруге; - тұтынушыларға заңдық және консультациялық көмек көрсетуге; - қоғамдық бақылауды жүргізуге; - қоғамдық бақылау жүргізу кезінде тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) сапасы мен қауіпсіздігіне сараптама жүргізуге бастамашылық жасауға; - тұтынушылық дауды сотқа дейінгі тәртіппен қарауға және т.б. құқылы.
Сатушыға (дайындаушы, орындаушы) қойылатын талап еркін нысанда жасалуы мүмкін. Бұл ретте тұтынушының шағымында келесі деректемелерді көрсету қажет: - Жеке тұлғаның аты-жөні, БСН, пошталық мекенжайы; - тұтынушының талаптары қойылған сатушының (дайындаушының, орындаушының) деректері (заңды тұлғаның атауы, пошталық мекенжайы, БСН (бар болса); - тұтынушының талабы және тұтынушылық даудың мән-жайлары. Тұтынушыға ыңғайлы болуы үшін 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап енгізілетін ТҚҚ Бірыңғай ақпараттық жүйесінде даудың нысанасына байланысты шағымдардың үлгілік нысандары көзделетін болады.
Тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы қатынастар «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» ҚР Заңымен, Азаматтық кодекспен, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекспен, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттармен, сондай-ақ қызмет саласына байланысты өзге де нормативтік құқықтық актілермен реттеледі: Қазақстан Республикасының Заңдары: - «Сауда қызметін реттеу туралы»; - «Тұрғын үй қатынастары туралы»; - «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы»; - «Автомобиль көлігі туралы»; - «Теміржол көлігі туралы»; - «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы»; - «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы»; - «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы»; - «Бағалы қағаздар рыногы туралы»; - «Сақтандыру қызметі туралы»; - «Микроқаржы ұйымдары туралы» және т.б
«Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» ҚР Заңының 14-бабына сәйкес, сатып алушы өзіне азық-түліктік емес тауар берілген кезден бастап, егер сатушы (дайындаушы) неғұрлым ұзақ мерзім жарияламаса, 14 күн ішінде, сатып алынған тауарды сатып алу орнында немесе сатушы (дайындаушы) жариялаған өзге де орындарда, бағасында айырма болған жағдайда сатушымен қажетті қайта есеп айырыса отырып, басқа мөлшердегі, нысандағы, габариттегі, фасондағы, түстегі, жиынтықтағы және сол сияқты соған ұқсас тауарға не тараптардың келісімі бойынша басқа тауарға айырбастауға құқылы. Айырбастау «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» ҚР Заңының 30-бабында белгіленген тәртіпке сәйкес жүргізіледі. Сатушыда (дайындаушыда) айырбастауға қажетті тауар болмаған жағдайда сатып алушы сатып алынған тауарды сатушыға (дайындаушыға) қайтаруға және оған төленген ақша сомасын алуға құқылы. Егер шартта басқаша қарастырылмаса, тауарды сатып алу орны тауарды айырбастау немесе қайтару орны болып табылады. Анықтама: Әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. ӘҚБтК 190 – бабы (жауапты орган – ТҚҚК) – тауарды тұтынушыға берген күннен бастап күнтізбелік он төрт күн ішінде тиісті сападағы тауарды айырбастауды және қайтаруды қамтамасыз етпегені үшін.
«Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» ҚР Заңының 15-бабына сәйкес, тиісті емес сападағы тауар сатылған тұтынушы, егер сатушы (дайындаушы) оған тауардағы кемшіліктер жөнінде айтпаса, өз таңдауы бойынша: 1) сатып алу бағасын мөлшерлес кемітуді; 2) тауардың кемшіліктерін өтеусіз жоюды; 3) тауардың кемшіліктерін жою үшін өз шығындарын өтеуді; 4) ұқсас маркалы (модельді, артикулді) тауарға ауыстыруды; 5) сатып алу бағасын тиісінше қайта есептей отырып, басқа маркалы (модельді, артикулді) сондай тауарға ауыстыруды; 6) шартты бұзу және тауар үшін төленген ақшалай соманы қайтаруды талап етуге құқылы. Анықтама: Әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. ӘҚБтК 190 – бабы (жауапты орган – ТҚҚК) – кепілдік мерзімі ішінде, егер тауарға кепілдік мерзімі белгіленбесе, тауарды тұтынушыға берген күннен бастап екі жыл шегінде сапасы лайықсыз тауарды айырбастауды және қайтаруды қамтамасыз етпегені үшін.
Тұтынушылардың құқықтарын қорғау жүйе (e-tutynushy.kz) дегеніміз - тұтынушылар құқықтары туралы ақпарат қамтылған, құқығыңыз бұзылған жағдайда сіз құқық қорғаушыларды таба алатын және сауда ұйымының өкілдеріне тікелей наразылық жолдауыңызға болатын онлайн платформа. Аталған ұйым өз кезегінде сіздің өтінішіңізді қарап, көмек көрсетуге міндетті болады. Әйтпеген жағдайда өтініш сіздің тұтынушылық құқықтарыңызды қорғау үшін қажетті заңды шаралар қолданатын жауапты мемлекеттік органға барып түседі.
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті (бұдан әрі - Комитет) мынаны хабарлайды. "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес Комитет "Бек Эйр" АҚ авиакомпаниясына Алматы қаласы Түрксіб ауданының сотына күші жойылған авиарейстерді тұтынушыларға ақшалай қаражатты қайтару мәселесі бойынша бес талап арыз берді. Сіз сот талқылауының барысы туралы ақпаратты сайттан ала аласыз http://office.sud.kz/
Егер солай болса, онда сіз өз өтініштеріңізді төменде көрсетілген дереккөздері бойынша қалдыра аласыз:
Горячая линия: +7(7172)75-06-49, 74-98-32, 74-98-36
Телеграмм: @kzpp_bot